Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылдың 1 қазан айына мәліметі

Облыстық  статистикалық  департаментінің  мәліметі  бойынша  2017 жылдың         1 сәуіріне ауданда  халық саны  117196 адам, оның ішінде белсенді халық саны –  46,02 мың адам,  жұмыспен қамтылғандар – 43,6 мың, өздігінше жұмыспен қамтылғандар – 15,3 мың адам, жұмыссыздар саны – 2393 адам, жұмыссыздық деңгейі – 5,2 пайыз. Аудан бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына мекемелер мен  ұжымдар қызметкерлерінің орташа  айлық жалақысы 75824 теңгені құрады

Ауданда статистикалық  мәлімет бойынша  өздігімен жұмыспен қамтылған      15358 адам болса,  2017 жылдың 1 қыркүйекке  формальды секторға 14970  адам ауыстырылды.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша  жыл басынан 4362  адам өтініш  білдірген  болса,   олардың ішінен жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны – 2228 адам, жалпы жұмыспен қамтылғандар саны – 2711 адам, олардың ішінен  тұрақты жұмысқа орналасқаны – 1726 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданғаны – 293 адам, жастар практикасына – 159 жұмыссыз тартылды. Қоғамдық жұмысқа 321  жұмыссыз жіберілді. Есеп беру кезеңнің соңында тіркеуде тұрған ресми жұмыссыздар саны  2282  адам.  Нысаналы топқа жататын жұмыссыздардың ішінен       804 адам  хабарласып,   704-сі жұмысқа орналастырылды. 94  мүгедек жұмыспен қамту мақсатымен хабарласып, 94 мүгедек азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сотты болған азаматардың ішінен 7 адам қоғамдық жұмысқа жолданды. 2 адам квота бойынша жұмысқа орналастырылды. Түзеу мекемелерінен 12  сұрау салу хаттары түсіп, уақтылы жауап берілді.

Еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасындағы өзара  меморандум 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен түзілді. Олар: ЖШС «Аққум астық», «Ақмаржан», ӨК «Асель», «Балмұздақ», «Атамекен».

Аудандық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның ағымдағы жылдың 18 ақпан айында бірінші комиссия отырысы өтіп, дағдарысқа қарсы қабылданып жатқан іс-шараларды қолдау мақсатында аудандағы әлеуметтік сақтандыру жарнасын аударуы кешіктірілген 5 мекеменің жұмысы қаралып талқыланды.Олар: ЖШС «Төлеби күзет», «Бейбарыс Қорған», «Жанұя Қорган», «Әділет GROUP» және Ленгір қалалық емханасы.

12 сәуір 2017 жылы үшжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатын.астарын реттеу жөніндегі комиссия отырысында ЖШС «Ленгер су» еңбеккерлер алдындағы жалақы қарызы туралы отырыс өткізілді. Қарыздың туындап отырған себебі анықталып тиісті шаралар ұйымдастыруға аудан әкімінің орынбасары М. Пернебековтің атына қызметтік хат жолданды.

2017 жылдың 21 тамызында облыстық басқармадан зейнетақы жүйесіне қатысушылардың төмендеткен 10 мекеменің тізімі түсіп, олардың әрқайсысынан түсірмеу себептері сұралып талқыланды.

Жыл сайын Республикалық деңгейде жұмыс берушілердің еңбегін бағалау бойынша «Парыз» конкурсы ұйымдастырылады. Биыл Төлеби ауданынан жеке кәсіпкер Белес Рысбаевты конкурсқа  үміткер ретінде ұсынып, оның құжаттары облыстық басқармаға ұсынылды.

Төлеби аудандық «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдаудың   2017 - 2019 жылдарға  арналған  өңірлік  бағдарламасын», ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңдарын орындау барысында мына  төмендегі  іс-шаралар атқарылды.

«Балалы  отбасыларға  берілетін  мемлекеттік  жәрдем  ақылар  туралы»  Қ.Р. Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы «Қ.Р. Үкіметінің 2001 жылғы  24 желтоқсандағы №1685 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №335 қаулысын, «Мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек  туралы» Заңдарын және аз қамтамасыз етілген  отбасыларға  берілетін тұрғын үй көмегі туралы Қадидасын аудандағы барлық қала, ауыл округтерінде комиссия мүшелерінің қатысуымен елді мекендерде, тұрғындар арасында түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліп,  сұрақтарға  жауаптар  берілді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдем ақысына 1782 отбасының 6421  баласына 95918,9 мың теңге тағайындалып,  төленді.    

Аз қамтамасыз  254 отбасының 1502  адамына 8331,0 мың. теңге   тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

«Өрлеу» бағдарламасы   бойынша   586 отбасының 3527 адамына 241933,5 мың теңге тағайындалып, РБ-дан 95594,0 мың теңгесі төленсе, ал аудандық бюджеттен 49142,0 мың теңге төленді.

Төлеби   ауданы байынша 2017 жылдың тамыз айына:        

   -Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 8

  - Ұлы Отан соғысы мүгедектері – 4

  - Ауған соғысының жауынгерлері – 66

  - Венгір соғысына қатысушылар – 8.

  Аудан бюджетінен Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 72 жыл мерей тойына орай ҰОС ардагерлерімен мүгедектеріне 100 есептік көрсеткіш мөлшерінде (226900 тенге) бір жолғы материалдық көмек көрсетілді ,1концлагер тұтқынына 5 есептік (11345 тенге) көрсеткіш мөлшерінде берілді.Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, Ауған соғысына қатысушыларға, 1-2-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтамасыз етілген азаматтарға 2017 жылдың I жарты жылдығына 305 адамға  600,0 мың теңгенің облыстық, аудандық басылымдарына қаржы бөлініп  жеңілдік пен тегін жаздырылып берілді .

64 (11516 теңгеден) Ауған соғысына қатысушыларға мерей тойларына байланысты жалпы 737,0 мың.теңге, 23(11378теңгеден) Чернобыль апатын жоюшыларға жалпы 261,0 мың.теңгенің бір жолғы материалдық көмегі қаралып бөлінді.

2017 жылға мүгедектерді оңалту бағдарламасын орындауға аудандық бюджеттен  жалпы 40386,0 мың теңге бөлініп игерілуде, оның ішінде 66 өздігінен жүре алмайтын зағип мүгедектерге  2017 жылға 9936,6 мың теңге қаралып  2017 жылдың 1 қазан айына  7452,0 мың теңгесі игеріліп 23 жеке көмекші қызмет көрсетуде. Естімейтіндігі  бойынша 27 мүгедектерге 1 ымдау маманы қызмет көрсетуде, оған  720,0 мың теңге қаралып бүгінгі күнгк 540,0 мың теңгесі игерілді сонымен қатар 344 мүгедек азаматтан міндетті гигиеналық құралдарға өтініш түсіп  жергілікті бюджеттен 29729,4 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Облыстық, бюджет есебінен Ардагерлер үйіне және Мейір сауықтыру орындарына 2017 жылдың қыркүйек айына 305 азаматтар жолдамамен қамтамасыз етілді, сонымен қатар Шымкент қаласындағы мүгедектерді оңалту орталығына 27 мүгедек азаматтардан өтініш түсіп толығымен  жолдамамен сауықтырды.

 Ауданда көп  балалы  батыр аналар саны -263, күміс алқа иегерлері -1858 және 850-Алтын алқа иегерлерінің тізімі түзілді.

1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында тылда жұмыс жасағаны жөнінде  құжаттары сақталмаған, аудан азаматтардан  өтініш түсіпеді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района