Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Қызметтерді цифрландыру ХҚО-ларды қысқартуға мүмкіндік береді

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) бармай-ақ, электрондық портал көмегімен алуға дағдылана бастады. Нәтижесінде ХҚО-лар жүктемесі де азайды.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ел бойынша 341 фронт-офисі (ХҚО) халыққа 621 мемлекеттік қызмет ұсынады, ал 452 қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.

Осы негізде штаттық кестенің тиімділігі мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін Қазақстан бойынша 29 фронт-офисті жауып, жұмысшыларды аумақтық құрылымның негізгі бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылданды.

2018 жылғы 30 сәуірден бастап Оңтүстік Қазақстан облысында мына фронт-офистер қызметін тоқтатады:

 

1.   Шымкент қаласы (Темірлан тас жолы, н/ү);

2.   Шымкент қаласы (Орманов көшесі, 26);

3.   Шымкент қаласы (Республика даңғылы, 15);

4.   Шымкент қаласы (Бәйдібек би көшесі, н/ү);

19.   Сайрам ауданы (Ақсукент ауылы, Абылай хан көшесі, н/ү);

20.   Арыс қаласы (Төле би көшесі, н/ү);

21.   Бәйдібек ауданы (Шаян ауылы, Б. Қарашұлы көшесі, 69);

22.   Кентау қаласы (Бәйтереков көшесі, 7);

23.   Қазығұрт ауданы (Қазығұрт  ауылы, Сабыр Рахымов көшесі, 1);

24.   Мақтаарал ауданы (Жетісай ауылы, Қожанов көшесі, н/ү);

25.   Ордабасы ауданы (Темірлан ауылы, Абай көшесі, 41 а);

26.   Созақ ауданы (Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, н/ү);

27.   Түлкібас ауданы (Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 282);

28.   Шардара ауданы (Шардара қаласы, Әл-Фараби көшесі,н/ү);

29.   Сарыағаш ауданы (Абай ауылы, Қонаев көшесі,14).

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

 

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района