Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлебиде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасарлары Ғ.Төлепов, С.Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, ҰОС ардагерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шара барысында әскери маршпен монументке гүлдер қойылды. Жиналған қауым Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, құран бағыштады.

Сондай-ақ, орталық алаңда арнайы әскери шатыр орнатылды. Соғыс ардагерлеріне арналған дастарқан жайылып, сарбаздар ботқасы ұсынылды.

 

 

 

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района