Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлебиде Жеңіс күніне орай «Пулеметші жауынгер...» атты сахналық қойылым көрсетілді

Жеңіс күніне арналған мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов аудан тұрғындарын Ұлы мерекмен құттықтап: «Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл тарихи мерекенің әрбіріміз үшін, қоғам мен мемлекет үшін де маңызы ерекше. Жыл сайын осынау ең қастерлі Жеңіс мерекесін тойлай отырып, біз сол сұрапыл соғыста қаза тауып, халқы үшін құрбан болған жауынгерлердің есімдерін ардақтап ұлықтаймыз, құрметпен еске аламыз. Тарих еншісінде қалған соғыс енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз. Ұрпақтарының санасында қан майданды бастан кешкен аға буынның ержүректілігі нағыз отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала береді.

Қазақстанда, соның ішінде Төлеби ауданында соғыс өрті шарпымаған, қасірет шекпеген отбасы кемде-кем. Еліміз әр бесінші адамын қан майданға ел қорғауға аттандырған. Осыдан қазақстандықтардың Ұлы Жеңісті жақындатуға қаншалықты үлес қосқандығын көруге болады. Ардагерлеріміздің ерлігінің арқасында біз бүгін бейбіт те бақытты өмір сүрудеміз.

Сондықтан да ортамызда қалған әрбір ардагерлерімізді ардақтап қадірлеу, олардың бар жағдайын жасау – біздің перзенттік парызымыз», - деді.

Мерекелік шара Кеңес Одағының батыры Қосан Мамытов туралы «Пулеметші жауынгер...» атты сахналық қойылыммен жалғасты.

Айта кетейік, Қосан Мамытов 1922 жылы Төле би ауданы Көксәйек ауылында туған, соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының Батыры. Ол 1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынған. Әуелі 336-атқыштар полкінің, кейіннен Қызыл тулы гвардияшы 120-дивизияның құрамында пулеметші болып, Сталинград түбіндегі шайқастағы, Днепр үшін және Берлинді алу ұрыстарына қатысты. Днепрден өту кезіндегі ұрыста, Рогачев қаласын жаудан азат ету кезінде асқан батылдық пен ерлік көрсетті. Соғыстан кейін Қ.Мамытов Шымкент қорғасын зауытында еңбек етеді. Ленин, Октябрь Революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Рогачев қаласының құрметті азаматы.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района