Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ə.Шыңғысбаев Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмет Мадалиевті Жеңіс күнімен құттықтады

95 жастағы майдангер – Төлеби ауданындағы көзі тірі 10 соғыс ардагерінің бірі. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Есіркепов, Бірінші Мамыр ауылдық округінің əкімі Н.Тезекбаев жəне аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірге келген Ə.Шыңғысбаев ардагердің үйіне кіріп шығып, гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыс етті. Ақсақал қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, ғибарты мол естеліктерімен бөлісті.

Ахмет Мадалиев Төлеби ауданының Тағайна ауылынан 1942 жылы әскерге шақырылды. Ферғанада, Алматыда арнайы жаттығудан өткен соң, Курск, Сталинград қалаларын азат етуге қатысты. Артиллеристік полкте соғысқан ардагер 1947 жылы соғысты аяқтап, Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі тың жерлерді игеруге қатысады. Ардагердің 7 баласы, 43 немересі мен 28 шөбересі бар.

Айта кетейік, қалған 9 Ұлы Отан Соғысының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Аудан әкімі орынбасарлары мен мемлекеттік мекеме басшылары әр қайсысының үйінде қонақта болып, әрбіріне 100 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйлықтарын табыстады.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района