Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Көктемгі энзоотияға қарсы шаралар

Төлеби аудандық ветеринария бөлімі көктемгі кенеге қарсы дәрілеу жұмысын аяқтап қалды. Дәрілеудің мақсаты – үй малының энзоотиялық ауруларының алдын алу.

Төлебиде энзоотиялық іс-шаралар бойынша 72156 (жоспар: 81 256) бас ірі қара мен жылқы кенеге қарсы дәрі бүркілді. 123 400 (жоспар: 2 789 305) уақ мал арнайы сұйықтыққа  тоғытылды. Сондай-ақ, 2 789 305  ш/м үй іргелік қора-жайлар мен оларға жапсарлас аумақтар,  1069200 ш/м  мал иірімдер мен суаттар залалсыздандырылды.

Айта кетейік, төрт түлік арасындағы қауіпті аурулардың алдын алу жұмысына 100-ге тарта маман атсалысты.  Залалсыздандыру  Леңгір қаласы мен 12 ауылдық округ аумағында жүргізілді.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района