Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлеби ауданында 10 сынып оқушылары арасында оқу-дала жиыны өтті

      Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі 6506 әскери бөлімінің «Тау» оқу-жаттығу орталығында ауданның орта мектептерінде тәлім алатын 10 сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өтті.

      Биылғы оқу-дала жиынына ауданымыздағы 52 мектептен 370 оқушы қатысты. Жиын барысында оқушылар бастапқы әскери дайындық сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды. Олар саптық жүріс, тактикалық жаттығу, атыс, қарауылдық қызметтен дайындықтан өтіп, топография негіздерінен дәрістер алды.

Айта кетейік, дала жиыны күндері алдын ала белгіленген күн тәртібі ережесі қатаң сақталды. Оқушылардың бос уақыты да барынша тиімді пайдаланылды. Жас жауынгерлер автоматты бұзып-жинаудан, белтемірге тартылудан, гір тасын көтеруден, жүгіруден жарысып бақ сынасты.

 

 

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района