Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Таулы аймақта серуендеудің қарапайым қағидаларын білгеніңіз жөн!!!

Төлеби ауданында тауда адасып кеткен туристтермен және демалушылармен орын алатын жағдайлар жиі орын алуда. Соңғы оқиға 13 мамырда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орын алған еді.  Ал оның алдыңда бір күн бұрын, яғни 12 мамыр күні Ақмешіт шатқалында болып, құтқарушылар екі студентті таудан түсірген болатын. Бұл жөнінде рет-ретімен айтайық.

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округіндегі «Ақмешіт» шатқалында тауға серуенге шығып, өздігінен түсе алмаған екі жігітті құтқару бойынша операция жүргізілді. 

Төлеби ауданының №5 өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне хабарлама 2018 жылғы 12 мамырда кешкі сағат 20:30-да келіп түсті. Ол жерде 1997 және 1998 жылы туылған азаматтар жақын арада тауға шығып,  тәуліктің қараңғы уақытынан қайта түсе алмағандығы туралы айтылған. 

Оқиға орнына тез арада штаб құрылып, ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ,  Төлеби ауданының ТЖБ, Төлеби аудандық ІІБ және жергілікті атқарушы органдардан   16 адам 6 техника  іздестіру-құтқару жүмыстарына жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары ауданында тәуліктің қараңғы уақытын ескере отырып, сағат 23.00-ге дейін жүргізіп, құтқарушылар таудан құтқару жұмыстарын ертеніне жалғастыруға шешім қабылдады.

Таң ертен 13 мамырда сағат 05.15-те іздестіру тобы жоғалған азаматтармен байланысты орнатып, сағат 07.25-те олардың қай жерде екенін белгілеп алып, таудан түсіру жүмыстарын бастады. Сағат 08.53-те студенттер шатқалдың басынан аман-есеп түсірілді. Олардың денсаулығы қанағаттанарлық еді. Таулы аймақта іздестіру, құтқару жұмыстарын жүргізудің өз қиындықтары болғандықтан, құтқару жұмыстары бес сағаттан аса уақытты алды.

Сол күні, 2018 жылғы 13 мамырда тауда жоғалған адам туралы тағы да оқиға тіркелді. Бұл туралы хабарлама 13 мамырда сағат 20:30-да келіп түскен. 1997 жылы туылған азамат өзіннің тобынан қалып қойған және Сайрам-Өгем табиғи паркінде адасып кеткен. Оқиға орнында штаб құрылып, ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ,  Төлеби ауданының ТЖБ, Төлеби аудандық ІІБ, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ Төлеби филиалынан және жергілікті атқарушы органдардан  23 адам 8 техника іздестіру-құтқару жүмыстарына жұмылдырылды. Адасқан азаматты 14 мамыр сағат 09:05-те Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ Төлеби филиалынан мемлекеттік инспекторы Әбдікерім Тұрғынбаев тауып алып аман-есен таудан түсірді.

Осыған орай Төлеби ауданының құтқарушылары ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарына тағы да тауда өзін ұстау қағидаларын ескертеді:

«Бірінші кезекте міндетті түрде жақындарыңызға, сондай-ақ, таныстарыңызға тауға қандай маршрутпен шығатындығыңызды айту қажет. Тауға шығар бұрын алдын ала жүретін жолыңызды белгілеп, өздеріңізбен жылы киімдерді, тіске басар азық-түлікті ала жүріңіз. Абайсызда сүрініп, құлап қалмау үшін және жүргенде қиналмау үшін жайлы аяқ киім киіңіз. Егер де сіз топпен жүрсеңіз, топ мүшелерінен қалмауға тырысыңыз. Міндетті түрде зарядталған ұялы телефонды алыңыз. Таудағы өзін ұстаудың қарапайым қағидаларын сақтаңыз!»

 

Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района