Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Әкім аппараттарындағы "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары Ә.Әбиев пен Д.Есіпкепов Төлеби ауданында болып, Леңгір қаласы мен Киелітас, Көксәйек, Бірінші Мамыр ауылдық округтерінде "Электронды үкімет" порталы арқылы  мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы алудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде аудандағы ауылдық округтер әкімдіктерінің жұмысы электронды нұсқадағы, яғни электронды үкімет порталымен ЭЦҚ арқылы  мемлекеттік қызметтерді ұлғайтуға бағытталған. Ол үшін ЭЦҚ керек, оны алу үшін egov.kz порталында тіркелу керек.

Айта кетейік, 2017 жылы Төлеби ауданының барлық қала, ауылдық округ әкімі аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Оның мақсаты ауыл-аймақ тұрғындарын аудан орталығында орналасқан ХҚКО-на бармай-ақ, өз ауылдық округінің әкімдігінде "Электронды үкімет" порталы арқылы қызметтерді алуға кеңес беру, порталмен жұмыс жасауды үйрету.

 

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района