Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлеби ауданының шаруалары Қазақстандағы жойылуға шақ қалған «Әулиеата» сиырының тұқымын көбейтуге өз үлестерін қосуда

«Әулиеата» асыл тұқымды мал басын көбейту жолдарын түсіндіру,  тәжірибе алмасу мақсатында Төлеби ауданына Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу  институтынан бір топ маман келді. Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі «Атамекен Корпорация» ЖШС-інде болған академик, профессор Марат Кенеев Қазақстанда құрып бітуге таяп қалған етті-сүтті бағыттағы «Әулиеата» тұқымды мал басын сақтап қалу бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігін алға тартты. Ғалымдар зеңгі бабаның осы тұқымын сақтап қалу жолында жұмыстар атқарып жатқандығын айтты.

Айта кетейік, 2003 жылы бұрынғы «Коммунизм» колхозының орнына құрылған «Атамекен Корпорация» ЖШС-і Төлеби ауданындағы етті-сүтті бағыттағы ірі кәсіпорындардың бірі. Бүгінде кәсіпорын 560 бас сиыр өсіріп отыр. Оның 250-і сауынды сиыр.

Сондай-ақ, шаруашылықта асыл тұқымды малдың басын көбейту жолға қойылған. Былтырғы жылы кәсіпорын сүтті бағыттағы асыл тұқымды 50 бас«Голштин» сиырларын сатып алды. Ал биыл осы тұқымнан қосымша 200 бас сиыр сатып алу жоспарлануда.

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района