Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлеби ауданындағы ғимараттарға QR код тақтайшасы ілініп жатыр

Төлебиде  көше атаулары жазылған тақтайшалар жаңартылып жатыр. Тақтайшаға жазылған QR кодты смартфонмен түсіру арқылы ғимарат туралы ақпарат табуға болатын мүмкіндік жасалған. Ақпараттық тақтаның артықшылығы сол одан әр ғимараттың жеке пошталық индекс нөмірін де білуге болады. Индекс аудандық пошта бөлімшесінде беріледі.

Заманауи көше атауларын орнату жұмыстары әзірге мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарында қолға алынды. Бүгінгі күнге – 89 тақтайша орнатылды, әлі 600 ге жуық нысанға ілінеді деп жоспарлануда. Тақтайшаларды алмастыру жұмыстары ретімен жүргізілетін болады. Ал болашақта мұндай тақтайшалар әрбір үй мен көшеге қойылады деген жоспар бар.

 

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района