Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлебиде ойық жолдар ретке келтірілуде

Ауданда қыс мезгілінде пайда болған, қатты бұзылған аудандық маңызы бар жолдардағы шұңқырларды асфальто-бетонмен жамау жұмыстары аяқталып қалды. Көктем мезгілі келіп, күн жылынған алғашқы күндерден басталған жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.

Бүгінде ретке келтіру жұмыстары ауданішілік 12 көшеде аяқталды.

Төлеби аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық жолдар» МКК-ның мамандары атқарып жатқан жұмыстарға 5бірлік арнайы техника мен 22 жұмысшы толықтай жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, мекеме жұмысшыларымен егістік, жазық далалық жерлерде өрттің алдын алу мақсатында жер жырту жұмыстары ретімен жүргізіліп, 74 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, биылғы жылдың шілде-тамыз айларында Леңгір қаласының орталық Төлеби көшесінің жолдарында тегістеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района