Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Туристік-өлкетану іс-шаралары

Бүгін Төлеби аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясының» ұйымдастыруымен Біркөлік шатқалында орналасқан туристік лагерде Төлеби ауданының әкімінің кубогі үшін мектеп оқушылары арасында «Алатау жасыны» атты туристік-спортық жарыстарының ашылу салтанаты өтті.

   Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова және Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Құрбаналив  іс-шараның құрметті қонағы болды.

Айта кетейік, облыстық жас туристер станциясына қарасты туристік лагерде жарысқа  өткен жылы 34 мектептен 380 оқушы қатысса, биыл 58 мектептен 600-ден астам жасөспірім қатысуда.

5 күндік жарыс бағдарламасына сәйкес оқушылар «Іздеу-құтқару жұмыстары», «Спорттық бағдарлау» сияқты басқа да дисциплиналар бойынша сайысқа түседі.

Сондай-ақ, бүгінгі ашылу күнінде «Туристік-өлкетану іс-шараларын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық кіріктірілген семинар-практикум өтті.

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района