Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлебиде арнайы техника сатып алынды

Осы аптада Төлеби аудандық «Су шаруашылығы» мекемесі жаңа техникамен толықты.

Аудан аумағындағы каналдарды күтіп ұстауға жауап беретін мекемеге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, 1 шынжыр табанды экскаватор, 1 доңғалақты экскаватор, 1 жүк артқыш ауыр техника алынды.

Бұл техника аудандағы кеңестер дәуірінен қалған каналдарды тазалауға таптырмас құрал. Бұл жұмыстар бір жағынан, тасқынсудың алдын алуға, екінші жағынан сол суларды ауылшаруашылық мақсатында қолдануға мүмкіндік туғызады.

Жалпы ауданда – 74 канал бар. Олардың – 47-і қанағаттанарлық жағдайда, 10-ының су өткізу қабілеті төмен, 17-і  істен шығып қалған.

Ауданды ағын сумен қамтамасыз ететін мекеме суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша біршама тындырымды тірліктер атқарып жатыр. Былтырғы жылы жалпы ұзындығы 90 шақырымнан аса, ал биылғы жылдың 5 айында 168 шақырым каналды механикалық тазалаудан  өткізді.

Қазіргі таңға аудандағы суармалы жер көлемі – 10 530 га. Каналдардың барлығы ретке келтірілсе суармалы жерлердің  көлемі 20 000 га-ға дейін жетеді деп жоспарлануда.

Бұл өз кезегінде аудан ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуына себепші болатыны сөзсіз.

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района