Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Түркістан облысы Төлеби ауданының «2018-2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы» таныстырылымы өтті

Жергілікті атқарушы органның барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Б.Парманов Төлеби ауданының 2025 жылға дейінгі  әлеуметтік-экономикалық даму концепциясымен БАҚ өкілдерімен таныстырып, алдағы мақсаттармен бөлісті. Концепция – 2025 жылға дейінгі аудан өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Мұнда дамудың экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және аудан жұртшылығының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған атқарылуы тиіс жұмыстар біртұтас процесс ретінде қарастырылады.

Сондай-ақ, жиын барысында Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы «Ақпараттық-талдау» орталығының директоры С.Айкөзов «Төлеби ауданының БАҚ-тағы бейнесі» атты тақырып аясында баяндама жасады.

Ауылшаруашылығы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35-қадамында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу керектігін нақты айтқан. Сонымен қатар президентіміз «Қазақстан аграрлық секторы  үлкен экспорттық мүмкіндікке ие және инновацияны ендіруге жоғарғы әлеуетті сала болып табылады. Азық-түлікке деген қажеттілік жылдан жылға өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, тиімді пайдалану керек» - деген болатын.

Осы биік талаптардың үдесінен шығу үшін ауданымызда үш негізгі кең көлемді міндет – ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру, етті мал шаруашылығын дамытып экспорттау және суармалы жерлердің көлемін барынша ұлғайту алға қойылды. Ауданымыздың түкпір-түкпірінде ауыл шаруашылығы өндірісі кең құлаш жайып, даму үстінде.

Төлеби ауданының аграрлық секторы заманның талабына сай шаруаларға жаңа технологияларды ендіру, өнімнің сапасын арттыру, бәсекелестікке жауап беру сынды ұтымды идеяларға бет түзеп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде.

Биыл Төлеби ауданында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша тындырымды істер жасалды. Ауданда  жалпы ұзындығы 100 шақырымнан аса канал механикалық тазалаудан  өткізілді. Бұл өз кезегінде аудан ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуына себепші болатыны сөзсіз.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің индикаторлық көрсеткіштерін 2025 жылға қарай төмендегі кестеде көрсетілген сапаға жеткізу көзделуде.

 

Р/с

Көрсеткіштер

Өлшем

2017

жоспар

аталуы

бірлігі

 (нақты)

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

2024 ж.

2025 ж.

  1.

Ауыл шаруашылығы жалпы 

млн.

32256,4

36557,0

42164,0

47725,2

53342,5

60092,5

68505,0

78095,0

89028,0

өнім көлемі, о.і:

теңге

егін шаруашылығы

 

12783,9

14974,3

17031,6

19291,9

21755,0

24563,5

28002,0

31922,0

36391,0

 мал шаруашылығы

 

19423,3

21582,7

25132,4

28433,3

31587,5

35529,1

40503,0

46173,0

52637,0

  2.

Ауыл шаруашылығы нақты 

 %

100,9

103

103,5

103,7

104

104,2

104,2

104,2

104,5

көлем индексі, о.і:

егін шаруашылығы

95

102

105,8

103,0

103,2

103,2

103,5

103,8

103,8

 мал шаруашылығы

105,3

104

104,2

104,5

104,9

105,0

105,0

105,2

105,3

 

Ал 2025 жылға қарай, ауылшаруашылық саласында:

- жалпы өнім көлемін 89,1  млрд. теңгеге;

- тартылатын инвестиция көлемін 172,4 млрд. теңгеге;

- Үй шаруашылықтарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санын 2 мыңнан асыру көзделуде.

Кәсіпкерлік саласы

Кәсіпкерліктің қызметін сипаттайтын маңызды сапалық көрсеткіш, кіші және орта кәсіпорындардың өнім көлемі болып табылады. Аудан бойынша кіші және орта кәсіпкерліктегі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі динамикасын талдайтын болсақ, өнеркәсіп саласында  2017 жылдың басынан  25 млрд 219 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 105,3 пайызды құрады. 2025 жылға қарай өнеркәсіп саласында аудандағы өндірілген өнімнің нақты көлем индексін 108,0 пайызға (43480 млн. тг.) жеткізу көзделіп отыр.

Бұл мақсатқа жету үшін 2025 жылға дейін ауданда ірілі-ұсақты құны 145 519,0 млн теңгені құрайтын 16 жоба іске асады деп жоспарлануда. Оның ішінде баламалы энергетиканы дамыту бойынша Төлеби ауданын өзімізде өндірілген электр қуатымен қамту жоспарланған. Қазір ауданымызда осы мақсатта жеті ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, Сайрамсу мен Қасқасу өзенінің бойында алты шағын су электр станциясы бой көтереді.  Алдағы қыркүйек айында қуаттылығы 5 МВт, құны 1,5 млрд теңге болатын «Ақсу қуат» алғашқы су электр стансаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл аудан орталығы Леңгір қаласында қуаттылығы 10 МВт болатын «ДСТО-Солар» күн электр стансасы мен Қасқасу ауылдық округіндегі қуаттылығы 5 МВт болатын «Сары-Айғыр Қуат» шағын ГЭС құрылысы басталады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы аумақтық өнім көлемінің үлесін  2018 жылы - 30%, 2025 жылға қарай 40% жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында барлық жаңа бизнес бастамаларды қолдау шаралары қарастырылған.

Туризм

Төлеби ауданында туризмді дамыту жұмыстары – инфрақұрылымды жетілдіру, маркетинг, қызмет көрсету сапасын арттыру бағыттары бойынша жүргізілуде. Аудандағы барлық туристік нысандарға баратын жолдар бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілумен қатар, жеріміздің ерекше экологиялық тазалығын сақтап, әрі туристтерге қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Ауданның туристік әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту қолға алынды, туристік нысандарға баратын жол тораптарына жол сілтегіштер қойылды. Ауданның кіреберіс жолдары және тау шатқалдарына  баратын жол бойларын кеңейту, абаттандыру жұмыстары қарқын алды.

Туризмді дамыту бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданда жалпы 35 демалыс орны тіркелген, ал ауданға келуші туристердің саны 44803 адамды құраған. 2025 жылға қарай, демалыс орындарының санын 57-ге, келуші туристердің санын 100500 адамға жеткізу жоспарлануда.

Табиғи газ саласы

Ауданның 44 елді мекеніндегі 98 174 халық немесе  85 % табиғи газбен қамтылған.

2017 жылы 10 елді мекенді (Қайнар, Нысанбек, Жаңатұрмыс, Жамбыл, Оңтүстік, Ханарық, Майбұлақ, Қаратөбе, Тасарық, Қостөбе)   газдандыруға 643,1 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Одан бөлек, 4 ауылдық округінің (Тасарық, Қаратөбе, Қасқасу, Қоғалы) магистарлді газ құбырының құрылысына 692,9  млн теңге қаралды. 2020 жылға қарай аудан халқы табиғи газбен толық қамтамасыз етілетін болады.

Төлеби ауданы елдімекендерінің ауыз сумен қамтылу жағдайы

55 елді мекеннің 51 елді мекені, 92,7 %  ауыз су құбырымен қамтылған.

2018 жылы ауыз сумен қамтылмаған 4 елді мекеннің 1 елді мекеніне су құбыры  жүргізіледі, ал 3 елді мекеннің құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

Су жүйелерінің тозуына байланысты 31 елді мекенде қайта құру жұмыстары жүргізілу қажет. Бүгінгі таңға:

-4 елді мекеннің су құбырының құрылысы жүргізіледі;

-6 елді мекеннің құрылысының ЖСҚ  әзірленуде;

-2 елді мекеннің құрылысының ЖСҚ әзірленген;

-16 елді мекеннің жер асты су қорлары анықталды;

-4 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге 692,8 млн теңге қаралды (Зағамбар, Тағайна, Алатау,Сарқырама, халық саны – 5916 адам)

Автокөлік жолдары

2017 жылы 60,1 шақырымды құрайтын 31 автокөлік жолдарын жөндеуге 472,3 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қанағаттанарлықсыз жол көлемі 57,3 %-дан 49,3 %-ға төмендеді.

Тұрғын үй саласы

Ленгер қаласының 1-мөлтек ауданындағы 60 пәтерлі 5 қабатты 8 тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға 2017 жылы 2 млрд 708 млн 054,0 мың теңге бөлініп, пайдалануға берілді. 480 отбасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2018-2025 жылдары аудан аумағында жалпы саны-85 тұрғын үйдің немесе 2950 пәтерлердің құрылысы жүргізіледі. Бұл деген тұрғын үй кезегінде тұрған 3200 азаматтардың 85 пайызы, яғни, 2950 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деген сөз. Соның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 54 пәтерлі, 5 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.

Абаттандыру

Абаттандыру бойынша аудандық бюджеттен  29  жобаға 458,4 млн теңге қаржы қарастырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бекітілген эскиздік жобаларға сәйкес ауданымыздағы қала мен ауылдық округ орталықтарын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сәулет және қала құрылысы саласы

2017 жылы 158 сәулет-жоспарлау тапсырмасы бекітілді. (49 әлеуметтік  нысан, 44- кәсіпкерлік нысан, 45-жеке тұрғын үй).

"Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйесі базасында 23 411 бастапқы нысан, 4 454 қайталама нысан, 27 014 жер тіркелген.

Аудандағы 1 қала, 24 елді мекен қала құрылыстық құжаттармен қамтылған. 2017 жылы басталған 15 елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған  нұсқалары 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Жұмыспен қамту саласы

2017 жылы аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 46,02 мың адам (2015 жылы 52,1 мың адам). Жұмыспен қамтылғандар 43,6 мың адам.

Жұмыссыздар саны 2393 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 % құрады. (облыстық деңгей 5,3 %)

Аз қамтамасыз етілген отбасылардың 18 жасқа дейінгі балалар жәрдем ақысы 1838 отбасының 6602  баласына 122153,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

254 отбасына 8331,0  мың теңгенің тұрғын үй көмегі берілді.

Жалпы, 2018 - 2025 жылдары аудандағы жұмыссыздық деңгейін 5,4%-дан 5,2%-ға төмендету жоспарланып отыр.

Денсаулық  сақтау саласы

Сәби өлім-жітімін төмендету (0- ден 5 жасқа дейінгі 1000 тірі туылған сәбиге есептегендігі жағдайлар) бойынша 15 оқиға анықталып отыр.

Туберкулез ауруымен 2017 жылы 39 көрсеткіш тіркеліп былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 көрсеткішке артып отыр.

Сары аурумен ауырғандар және Гепатит А вирусына шалдыққандар  тіркелмеген.

2 нысанның (Ынтымақ және Момынай ФАП) құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 151,4 млн теңге қарастырылып, пайдалануға берілді.

Аудандық аурухананың кәріз жүйелері құрылысы мен ауыз су мұнарасы құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен 50,2 млн теңге қарастырылып, пайдалануға берілді.

Керегетас, Қаратөбе, Киелітас елді мекендерінің дәрігерлік амбулаториялары күрделі  жөндеуден өтті.

Аудандағы медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын 2018 жылдан 64,2 пайыздан, 2025 жылға 95,0 пайызға жоғарылатып,  21 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Білім саласы

Облыстық бюджет есебінен 4 мектепке (Алғабас, Әл-Фараби, Жаңа Ұйым, Бірінші Мамыр) 621,4 млн теңге қарастырылып 1 мектеп (Алғабас) пайдалануға берілсе, 3 мектеп құрылысы 2018 жылға өтпелі.

1 мектепті (Қ.Байболов)  күрделі жөндеуден өткізуге 23,8 млн теңге қаралып, жұмыстары аяқталды, 3 мектеп (Мәдени, Шомшақты, №2) ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарындағы мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламасын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесін 2025 жылға 70 пайызға жету жоспарлануда.

Мәдениет саласы

2017 жылы аудандық мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге 7995,0 мың теңге, Қайнар ауылдық клубын жөндеуге 800,0 мың теңге бөлінді.

Аудандық мәдениет үйінің материалдық техникалық базасын нығайту үшін 3822,0 мың теңге қаралды.

Ауданда 105 үйірмелер жұмыс істейді, оларда 1438 өнерпаздар бар. Аудан өнерпаздары халықаралық, республикалық, облыстық, байқаулардан    7 мәрте Бас жүлдемен оралды.

1005 іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде 502 іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында» өткізілді.

2025 жылға қарай, үйірмелер санын 112-ге жеткізу көзделіп отыр.

Спорт

2017 жылы аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп, 31 алтын, 39 күміс, 48 қола медалдармен марапатталды.

Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында 462 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 47750 адам қамтылды.

Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланулары мақсатында Ленгер қаласында 1 балалар спорт ойын алаңшасы салынды. Сонымен қатар, Ақайдар, Достық, Киелітас, Сұлтан Рабат елді мекендерінде және Ленгер қаласындағы жастардың көп шоғырланатын көше бойларында 7 стрит воркаут спорттық қондырғылары орнатылды. Ауданда 333 спорттық нысандар жұмыс істейді. Тұрақты спортпен шұғылданушылардың саны 30625 адам, бұл халықтың 26%-ын құрауда. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 42%-ға жеткізу көзделіп отыр.

 

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района