Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Мемлекеттік қызметкерлер төл мерекесін тойлады

Аудандық мәдениет үйінде өткен мемелекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесінде жас мемлекеттік қызметшілерден ант қабылданды. Салтанатты жиынға аудандық әкімдіктің 200 ден аса қызметкері қатысты. Аудан әкімі Б.Парманов жиналған қауымды төл мерекесімен құттықтап, мемлекеттік қызметші тек халыққа қызмет етуі керектігін атап өтті.
«Биыл Астана қаласының 20-жылдық мерей тойы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет органдардың құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде көптеген өзгерістер, реформалар орын алды. Елбасымыз барлық жағдайды жасап отыр. Әлемдік тәжірибеге сәйкес мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесін құрды. Бұл өз жемісін беріп жатыр. Сіздер мен біздер бұл уақытта бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметкер бола алдық деп ойлаймын. Барлығымыз да мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосып жатырмыз»,-деді Б.Парманов өзінің құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, қазіргі таңда Төлеби ауданында 200-ден аса мемлекеттік қызметші еңбек етуде.
Шара барысында түрлі дәрежедегі еңбек өтілі бар 20 мемлекеттік қызметкерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, 11 зейнеткер мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің арнайы алғыс хатын иеленді. Сондай-ақ, өзінің кәсібилігімен ерекшеленген 20-дан аса жас мемлекеттік қызметшінің ата-анасы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты іс-шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района