Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлеби ауданында «Ұлттық Домбыра күніне» орай жаңа туған нәрестенің ата-анасына домбыра тарту етілді

Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен Төлеби аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен аудан әкімі аппараты «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты акциясын өткізді.

Биыл алғаш рет тойланып отырған мереке, төлебиліктердің ұлттық аспапқа деген құрметтері мен махаббатын тағы бір рет көрсетуге себеп болды.

Мереке алдында, аудандық мәдениет үйінде, ауылдық клубтарда домбырашы солисттер мен ансамбльдердің қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.

Акция барысында, Леңгір қалалық перзентханада 1-шілдеде дүние есігін ашқан баланың ата-анасына домбыра сыйға тартылып, ізгі тіліктер айтылды.

Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева: «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп белгіленді. Бұл мереке – елімізде ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап, қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыруды мақсат етеді. Осынау мереке күні туылған нәрестелеріңіз өнерлі, өнегелі болып өсіп, домбыра жан серігі болсын»,- деді.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района