Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

«Асқақтай бер - Астана!»

Биыл Астана қаласының елорда мәртебесін алғанына 20 жыл толып отыр. Елорданың мерейтойы – республикалық та, халықаралық ауқымдағы да оқиға. Астана - XXI ғасырдағы 10 жыл ішінде бой көтерген жалғыз елорда, ал Қазақстан - екі ғасыр тоғысында жаңа астана салған жалғыз ел.
Осы атаулы мерекеге орай, жаңадан құрылған Түркістан облысымыздың Төлеби ауданында жыл басынан жоспарға сәйкес түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Асқақтай бер - Астана!» атты салтанатты кеш өтті.
Мерекеге орай, тематикалық кітап көрмесі, астана құрдастарының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараның шымылдығын аудан әкімі Бауыржан Омарбеков құттықтау сөзімен ашты.
Мереке барысында, 20 адамға «Астанаға 20 жыл» төс белгісі, биыл алынған 20 техниканың төлқұжаты, 20 ардагер ақсақалға демалыс орындарына жолдама, 20 мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге қол арба тапсырылды.
Сондай-ақ, мерекелік кеш барысында тыл ардагер, зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі 20 адамға «Ардагерлер үйіне», Сарыағаш, Біркөлік шипажайларына жолдама берілді, жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін «Алтын алқа» және алты бала туып, тәрбиелегені үшін "Күміс алқа" төс белгісімен 20 батыр ана наградталды.
Салтанатты іс-шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района