Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

2018 жылдың маусым айына 5 сұрақ

«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз. 

  1. Салымшы (алымшы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?  

БЖЗҚ салымшыға (алымшыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ, оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да   хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алымшыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алымшы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:

 - БЖЗҚ  кеңсесіне жеке өзі келген жағдайда немесе интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алымшылардың) қанша рет ақпарат сұратуына шек қойылмаған;

- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;

- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте; 

          - интеренет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады. 

  1. Салымшы (алымшы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?  

2013 жылдың  21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын салушылар мен БЖЗҚ-ның алымшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.

Оларға салымшы  тиісті құлақтандыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайы жатады.

1) Пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы құлақтандыру әдісін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.  

2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімде немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта (e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осы  электрондық мекен-жай өзгерген жағдайда,  бұл туралы Қорды   ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады. 

Егер салымшы (алымшы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қазіргі заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге қақылы. 

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алымшының)  тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны құлақтандыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы құлақтандырмауға қақылы.  БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе құлақтандырудың жаңа әдісін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.  

  1. БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма? 

 

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттеріңіздің (жеке куәлігіңіз туралы ақпараттың, тұрғылықты жеріңіздің мекен-жайын, электрондық мекен-жайыңыз (e-mail), телефон номерлері)   өзектілігін өз беттеріңізше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізе аласыздар. Бұл үшін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті болуы тиіс.  Ол үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, тиісті өзерістерді енгізу қажет.   

  1. Егер зейнетақы қорымен келісім жеке куәлік негізінде жасалған болса,  ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма? 

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын ақпараттандыру әдісін өзгерту/ белгілеу туралы қосымша келісім–шартты жасау үшін қолдануға болады. Айта кетерлігі, салымшының (алымшының) негізгі реквизиттерін идентификациялау әкесінің аты туралы мағлұматты есепке алмай жүргізіледі. Себебі бұған дейін негізге алынған басқа құжаттарда (жеке куәлік, тұруға рұқсат туралы құжаттарда бұл мәлімет  белгіленеді, ал төлқұжатта белгіленбейді).

  1. ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтаманы кім талап ете алады? 

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алымшыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алымшының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беріле алады. 

ЖЗШ қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:    

1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты; 

       2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша  олардың өндірісіндегі істерге қатысты; 

3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде; 

4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу  сұрақтарына байланысты; 

5) өкілетті органға – салымшының (алымшының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зенйнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты   туындаған мәселелерге қатысты; 

6) прокурорға  -  қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігінің аясында тексеру жүргізу туралы Қаулыға сәйкес;   

7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға –  «Қылмыстық жолмен алынған  табыстарды (кірістерді) жариялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру мәселелері   туралы» ҚР Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте; 

 8) салымшының (алымшының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде; 

9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алымшылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында; 

10) орталық атқарушы органға – салымшы (алымшының) арызына байланысты туындаған сұрақтарға орай; 

11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;  

12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алымшыға) немесе оның  арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.

Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алымшы) қайтыс болған жағдайда, өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға  - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі.   

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района