Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бұл жаңа аудан басшысының – Төлебидегі алғашқы жеке қабылдауы болды.

Қабылдауға келген азаматтар – ауыз су, тұрғын үй және жер мәселелері жөнінде өз өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін тілге тиек етіп, ал, бірқатары бойынша тұрғындарға шешімнің заңды жолдарын түсіндіріп, орындау бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес,  әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға

мүмкіндік ала алады.

 

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района