Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Б.Омарбеков ауданмен танысуды бастап кетті

Сәрсенбінің сәтті күні, 11 шілдеде, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапарымен Қоғалы және Тасарық ауылдық округтерінде болып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен, мәселелерімен танысып қайтты.

Бірінші кезекте, түске дейін аудан әкімі Қоғалы ауылдық округінде болып, ауыл арасын аралады. Содан соң, тұрғындармен жиналыс өткізіп, өтініш-тілектерін тыңдады. Аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Түс қайта Б.Омарбеков Тасарық ауылдық округімен танысып, тұрғындармен жиналыс өткізді. Мұнда да аудан басшысы өзекті мәселелерді анықтап, ауылдықтармен бірге шешу жолдарын талқылады.

Іргелес орналасқан екі ауылдық округ тұрғындарының шешімін таппаған бірінші кезектегі мәселелері бір-бірімен мазмұндас болды. Екі ауылдық округтің тұрғындары ауылдағы ауыз су мен ағын су жайын аудан әкіміне баяндап, өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі бұл ауылдық округтерде су мәселесін түбегейлі шешу үшін уақыт қажет екенін түсіндіріп, тиісті сала мамандарын тарта отырып, тұрғындарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырды.

 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района