Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Электр жүйелері жаңартылуда

Төлеби аудандық əкімдігінің қызметкерлері мен "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС мамандарының бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында бүгінде Төлеби ауданының барлық қала, ауылдық округтерінде электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жанданып жатыр. Жыл сайын кезең-кезеңімен атқарылатын бұл жаңғырту ісін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Төлеби бөлімшесі жүзеге асыруда. 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында 75,61 шқ желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған.

Жыл басынан ұзындығы – 31,2  шақырым желілер жаңартылып,темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар, 4 трансформатор құрылғысы жаңартылды.

Жалпы аудандағы электр жүйелерінің  ұзындығы - 1342,8 шқ құрайды. Оның 828,3 шқ қанағаттанарлық  жағдайда.

Төлеби аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аудан халқын сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен қаржы қарастырылып, 2018 жылы 11 жобаға (жаңа массивтегі жерлерге электр бағаналарын, трансформатор орнату) ЖСҚ әзірленуде.

ЖСҚ әзірленіп, жоба қаржыландырылған жағдайда, Ленгер қаласы және 10 ауылдық округіне қарасты 32 елді мекендегі (Ленгер қаласы, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Қасқасу, Кеңесарық, Әңгірата, Абай, Ұйымшыл, Достық, Қаратөбе, Майбұлақ, Балдыберек, Жіңішке, Көксәйек, Ұзынарық, Алшалы, Диханкөл Тасарық, Ханарық, Оңтүстік, Екпінді, Алатау, Қайнар, Қорған, Қосағаш, Нысанбек, Шұбарағаш, Момынай, Аққұм, Жаңаұйым, Алғабас, Бейнеткеш) 67 көшенің 10 240 халқы сапалы электр энергиясымен қамтылады.

 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района