Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Дала және орман өрттерінің алдын алуда бірлескен іс-қимыл пысықталды

2018 жылдың 11 шілдесінде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Төлеби филиалында және пакртің Бірінші Мамыр ауылдық округіне шекаралас жерінде дала және орман  өрттерін сөндіруге тартылатын басқару органдары мен күш пен құралдардың дайындығын пысықтау мақсатында көрсетілімді арнайы өрт-тактикалық оқу жаттығу ұйымдастырылып өткізілді. Жаттығу төмендегі сценаримен өрбіді:

Жаңажол елді мекенінде тұратын Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері ауыл шетінде дала өртін байқап Бірінші Мамыр а/о әкіміне телефон арқылы хабар береді.

Бірінші Мамыр а/о әкімі дабылдан бойынша шұғыл штаб құрамын жинап, лауазымды қызметкерлерге тапсырма беріп, өзінің орынбасарын күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарына сәйкес төтенше жағдай орнына жіберді. Өрт болғаны туралы ақпаратты №5 аудандық өрт сөндіру бөліміне, бөлімінің бастығы өз кезегінде ақпаратты ОҚО ТЖД Біріңғай диспетчерлік кезекшілік қызметіне хабарлады. Өрт Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекарасына қарай жылжуда. Дала өрті орман өртіне ұласу қаупі бар.

Оқу-жаттығудың басшыларымен шұғыл әрекет ету жасағының жетекшісіне желдің күшеюі, өрттің көлемінің ұлғаюы, дала өртінің Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекарасына бағыт алып бара жатқаны туралы кіріспелер берілді.

Имитациялық топтар алдын ала дайындалған заттармен өрт  ошақтарын белгілеп, екі жақтың күштері мен құралдарының құрылымдары төтенше жағдай ауданына шығып, өртті сөндіру, оқшаулау және жою жұмыстарын шекара қызметінің қатысуымен жүзеге асырды.

Шұғыл әрекет ету тобының жетекшілері төтенше жағдайларды жою шұғыл штабына атқарылып жатқан ТЖ алдын алу және жою іс-шаралары туралы баяндап отырды. 

Жаттығу соңында, төтенше жағдайларды жойып болғаннан кейін екі жақтың оқу-жаттығуды басқарушылармен (шекара қызметінің өкілінің қатысуымен) оқу-жаттығуға талдау жүргізіліп,  қортынды жасалып, күш пен құралдар тұрақты орналасу орындарына қайтарылды.

Оқу-жаттығу барысында алға қойған мақсаттар мен тапсырмалар толығымен орындалды.

 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района