Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті

Төлеби аудандық консультациялық–кеңесші органның отырысын органның төрағасы Р.Бейсебаева ашып, жүргізіп отырды.Бұл жолы, консультациялық-кеңесші орган отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды..

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеде пробация есебінде тұратын азаматтардың денсаулығын тұрақтты бақылау және ол азаматтардың тегін медициналық тексеруден өту керектігі талқыланды.

Екінші кезекте,пробация қызметінде тұратын азаматтардың мектеп жасындағы балаларының жазғы сауықтыру лагеріне жолдамамен, сондай-ақ жаңа оқу жылы басталғанша оқуға қажетті барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету туралы айтылды.

Жиын соңында, жыл басынан бері  есепте тұратын 5 қарт кісіге денсаулықтарын түзету үшін емдеу-сауықтыру орталығына, сондай-ақ, есепте тұратын 7 азаматтың балаларына аудандық  білім бөлімімен келісе отырып жазғы сауықтыру лагеріне жолдама берілетіні шешілді.

 

 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района