Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Өзініздің әлеуметтік мәртебеңізді Шымкент қаласының ХҚКО-да білуге болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-да 15 наурыздан бастап 7 қалалық бөлімдерінде аумақтық жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік қызметтің әлеуметтік бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары міндетті медициналық сақтандыру қызметіне қатысты кеңес береді.

Еліміздің әрбір тұрғыны өзінің медициналық ұйымдарда бар болуын тексеруі керек және медициналық сақтандыруды өңдеу үшін өзінің қай санатқа жататындығын мәлімдеу қажет. Әлеуметтік мәртебесін тіркеу үшін жеке кәсіпкер, өзін-өзі қамтушы немесе еш жерде жұмысшы ретінде тіркелмегендігі жайлы толыққанды ақпарат беруі тиіс.

Айта кету керек, азамат өз мәртебесін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы "Әлеуметтік мәртебесі тексеру" қызметін таңдау арқылы біле алады. Сондай-ақ жақын жердегі орналасқан ХҚКО-на жеке куәлігімен жүгінуге болады.

Бүгінгі күні қала тұрғындары және қала қонақтары өз әлеуметтік мәртебесін мына мекенжайлар бойынша хабарласып, біле алады:

1) № 1 бөлім, Шымкент қ, Мәделі Қожа көш, 1/16;

2) №2 бөлім, Шымкент қ, Мәделі Қожа көш, 1/16;

3) № 4 бөлім, Шымкент қ, м.а. Күншығыс, 116/1;

4) № 5 бөлім, Шымкент қ, м.а. Нұрсат, 24/1;

5) № 6 бөлім, Шымкент қ, т.а. Сайрам, Ибрагим ата көш, 118/2;

6) № 8 бөлім, Шымкент қ,м.а. Оңтүстік, ул. Қапал батыр, 4 А;

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района