Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

            Мемлекеттік органның миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мәдениет және тілдерді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

           Міндеттері: 1) Өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады; 2) Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады; 3) Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады; 4) Аудандық деңгейде мәдениет және тілдерді дамыту мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады; 5) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәдениет және тілдерді дамыту саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; 6) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді; 7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

           Функциялары: 1) Аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту; 2) Аудан мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, аттракциондармен, инвентарлармен, сахналық киімдермен қамтамасыз ету; 3) Кітаптың мемлекеттік алтын қорын сақтау, кітапханаларды көркем әдебиет шығармаларымен және жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған оқу құралдарымен жабдықтау; 4) Аудан мәдениет Үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету; 5) Аудан мәдениет мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, қызметкерлерді аттестациялау және тарифтік-біліктілік категорияларын анықтау; 6) Аудан мәдениет мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу сұрақтарын өз құзыры шегінде шешу; 7) Республика және шетел арасында мәдени ынтымақтастықты дамыту; 8) Мемлекеттік тәртіпті, еңбек құқығын, қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды бақылау; 9) Аудан мәдениет мекемелерінің штаттық кестелерін бекіту; 10) Мемлекеттік органның қарамағындағы аудан мәдениет мекемелерінде бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын ұйымдастыру; 11) Мекемелердің балансын қарау, барлық қызмет түрлері бойынша кезекті және жылдық есепті тиісті органдарға тапсыру; 12) Облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіпорындарымен бірлесе отырып, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің әлеуметтік және тұрғын жағдайларын жақсарту; 13) «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» 11 шілде 1997 жығы Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау; 14) Жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру; 15) Мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу; 16) Мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға меншік нысандарына қарамастан тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақтылы көмек көрсету; 17) Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге деректемелер мен көрнекі ақпаратты «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» 11 шілде 1997 жығы Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмек көрсету; 18) Аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру; 19) Қазақстан Республикасынан шет тұратын қазақ диспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері бойынша байланыс жасау; 20) Мемлекеттік, ұлттық мекемелер және даталы күндерге байланысты аудан көшелерін, даңғылын, алаңдарын тақырыпқа сай безендіру; 21) Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасау; 22) Тіл саясаты мәселелері туралы семинарлар, конференциялар, отырыстар, ұйымдастыру, аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық ұйымдардың форумдарына қатысу. 23) Белгіленген тәртіп бойынша халықтың хаттары мен арыз-шағымдарын қарау және жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; 24) Қазақстан Республикасының Заңдары, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, Президент жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, осы мәселе жөніндегі облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері негізінде оларды орындау мақсатында бұйрықтар, нұсқаулар және басқа да актілер шығару. 25) Өзінің ақпараттық-анықтамалық бюллетендерін, плаккаттарын, әдістемелік материалдарды шығару, 26) Тіл саясаты бойынша барлық органдар мен ұйымдардан ақпараттар, материалдар, қажетті мәліметтер және анықтамалар талап етуге, сондай-ақ тіл мәселелеріне қатысты заңның дұрыс қолданылуы туралы түсініктеме беру.

            Құқықтары мен міндеттері: 1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметттік хат алмасу жүргізу; 2) Ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттармен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау. 4) Аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района