Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      Мемлекеттік органның мисиясы: сәулет және қала құрылысы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.  

      Міндеттері:

  1. Өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан  және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады. Мемлекеттік орган құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша  жұмысшы топтарын құрады;
  2. Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік органдардың  қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
  3. Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
  4. Аудандық  деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
  5. Мемлекеттік орган құзырына кіретін сәулет және қала  құрылысы саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша  мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
  6.  Мемлекеттік орган құзырына кіретін мәселелер  бойынша отырыстар өткізеді;
  7.  Жеке және (немесе)  заңды тұлғаларыдң және (немесе) олардың  филиалдары мен өкілдіктерінің жарнама қызметі мәселелері  бойынша өтініштерін қарайды;
  8. Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Функциялары:

  1. Заңдарда  белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
  2. Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
  3.  Аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер  құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы аудан әкімдігінің шешімдерінің жобаларын дайындау;
  4.  Пайдалануға берілетін объектіліерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөнінідегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  5.  Аудандық маңызы бар тұрғын-үй қорын, коммуникацияларды,  тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды және олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
  6. Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынуға дайындау;
  7.  Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру жөніндегі  аудан әкімдігінің шешімдерінің жобаларын дайындау;
  8. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіу;
  9. Ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жаағдайларда,  мемлекеттік қажеттер үшін алып қою  жөнінде шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  10. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейімдеу) туралы шешім қабылдау;
  11. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

      Құқықтары мен міндеттері:

  1. Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу;
  2.  Ауданның атқарушы органдарынан қажетті қызметтері бойынша құжаттармен, ақпаратты сұратуға;
  3. Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Призиденті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындау;
  4. Аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
  5. Мемлекеттік орган құзырына кіретін мәселелер  бойынша отырыстар өткізеді;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района