Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      Мемлекеттік органның миссиясы: ішкі саясат саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

      Міндеттері: 1) қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; 2) ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасынің Мемлекеттік орган құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды; 3) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады; 4) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және  түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады; 5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік  ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 6) ауданда  болып жатқан қоғамдық-саяси  процестерге және оның даму барысына жан-жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды; 7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік  тапсырысты  орындау, оны жүргізу  жөнінде  аудандық  бұқаралық  ақпарат құралдарының  қызметін үйлестіріп отырады;    8) аудандағы  қоғамдық-саяси жағдайларды  болжауға  бағытталған  әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді; 9) қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды; 10) әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді; 11) аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады.

      Функциялары: 1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық-саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады; 2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; 3) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады; 4)  аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады; 5) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді; 6)  Мемлекеттік орган атқарған жұмыстары жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасыне үнемі есеп беріп отырады. 7) Мемлекеттік орган құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандағы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді; 8)  аудан әкімі аппараты қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етеді. 9) облыстық және аудандық қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді; 10) ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды; 11) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды  мәселелері  бойынша  аудандық әкімдіктің  мәжілісіне  материалдар  әзірлеуге  қатысады; 12) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді; 13) ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын  тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге  және іске  асыруға қатысады; 14) Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі  жұмыстарды жүзеге асырады; 15)  саяси партиялармен,  ұлттық-мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен  байланысты  жүзеге  асырады; 16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-практикалық  шараларды әзірлеуге  және өткізуге қатысады; 17) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мемлекеттік орган құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми- зерттеу  жұмыстарын  орындайды; 18) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

      Құқықтары мен міндеттері: 1) өзінің қызметін орындау үшін қажетті  ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік орган құзырына  қатысты мәселелерді  әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар  әзірлеу үшін  уақытша  жұмысшы топтарын құрады; 2) ішкі саясат  саласында мемлекеттік органдардың  қызметін  жетілдіру  жөнінде аудан әкіміне  ұсыныстар енгізеді, Мемлекеттік органға  қатысты мәселелер бойынша  ақпараттық  талдау  және басқа да материалдар әзірлеуді  жүзеге асырады; 3) Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік  органдар мен лауазымды адамдарға  ұсыныстар береді, оның орындалуын  қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін  шараларға  қатысады; 4) аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру  жөніндегі аудандық  бағдарламаларды  қаржыландыруды жүзеге  асырады; 5) Мемлекеттік орган құзырына  кіретін ішкі саясат, азаматтардың  құқықтарын сақтау  және  басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; 6) Мемлекеттік орган құзырына  кіретін  мәселелер бойынша отырыстар өткізеді; 7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района