Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекетік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      Миссиясы: «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      Міндеттері: «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу.

      Функциялары: 1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;  2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдайды; 3) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсетеді;  4) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы аудан әкімдігінің қаулысын әзірлейді; 5) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастырады; 6) мүгедектерге әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады; 7) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу  туралы аудан әкімдігінің қаулысын әзірлейді;8) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімдігінің қаулысын әзірлейді; 9) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді; 11) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;12) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;  13) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі; 14) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді; 15) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асырады; 16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 17) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді; 18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 19) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді; 20) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады; 21) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды; 22)  жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 23) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді; 24) Санаторлық -курорттық емдеумен қамтамасыз етеді; 25) Мұқтаж мүгедектерді қозғалтқыш құралдармен қамтамасыз етеді; (мүгедектік қоларбалармен)  26) Семей ядролық  жарылысынан ,Арал экологиялық апатынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы материалдық көмек тағайындайды; 27) Мүгедектердің қол-арба және оңалту орындарына берген өтініштерін тіркеуге алып кезегіне қарай қамтамасыз етеді; 28) Аудандағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектерін,Ауған, Венгер соғысына, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлерін, Чернобыль,саяси қуғын сүргінге ұшыраған және 1986 жылдары 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысушы  азаматтардың, тыл еңбекерлерінің, батыр аналардың, Алтын алқа, Күміс алқа, Аналық даңқ ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың тізімдерімен санын түгендеп,қосымша әлеуметтік қолдау туралы есебін және жыл сайынғы басылымдарға жазуды тұрақты жүргізіп отырады; 29) Барлық әлеуметтік көмекке мұқтаж ҰОС ардагерлеріне, мүгедектеріне аз қамтамасыз етілген азаматтарға, зейнеткерлерге жергілікті бюджеттен, кәсіпорындар, ұйымдар және комерциялық құрылымдар қаржысы есебінен көрсетілген қосымша әлеуметтік қолдаулар, материалдық көмектер туралы ауыл округтеріне тұрақты есебін жүргізіп отырады;  30) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді; 31) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады; 32) мемлекеттiң кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады. 

      Құқықтары мен мiндеттерi: 1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады; 2) «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді; 3) «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района