Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      Мемлекеттік органның миссиясы: аудандық бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, ауданның коммуналдық меншігі мен бюджеттік қаражаттарды басқару, ауданның аумағында экономиаклық саясатты мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту саласында мемлекеттік басқару болып табылады.

      Міндеттері:

1) аудандық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;

2) ауданның бюджеттік қаражаттарын және Аудан әкімдігінің коммуналдық меншік объектілерін басқару;

3) ауданның әлеуметтік– экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;

4) ауданның әлеуметтік- экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру.

5) аудан әкімі мен әкімдігінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу болып табылады.

      Функциялары:

1) аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету;

2) аудан бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;

3) бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

4) аудандық бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалауды қорытындылау;

5) аудан бюджетінің атқарылуы бойынша есеп-қисап жасау;

6) бюджеттік есеп жүргізуді қамтамасыз ету;

7) бюджеттік жүйедегі бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға және жетілдіруге қатысу;

8) аудандық бюджетті қаржыландыру және түсімдердің жиынтық жоспарын бекіту және өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету;

9) міндеттемелерді уақытында қабылдамау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді уақытында өткізбеу себептерін анықтау мақсатында аудан бюджетінің атқарылуының күнделікті және ай сайынғы мониторингін жүргізу, аудан бюджетінің түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамын жасау;

10) мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау;

11) мемлекеттік мекемелер міндеттемелерінің уақытында орындалуы бойынша ұсыныстар әзірлеу және шешімдер қабылдау;

12) жергілікті бюджет бойынша қолма – қол ақша ресурстарын талдау және болжам жасау;

13) мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін, мемлекеттік мекемелер бойынша олардың иелігінде қалған, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен ұсынылған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын келісу;

14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарау және оларды мақұлдаған жағдайда төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды ресімдеу;

15) аудан бюджетінің ай сайынғы және жылдық түсімдері мен шығыстарын түзетуді қажет ететін факторлар пайда болған жағдайда, аудан бюджетінің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекіту және өзгерістер енгізу;

16) ауданда мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мониторинг жүргізу;

17) берілген бюджеттік кредиттердің есебін жүргізу, мониторингін жүргізу және қайтару;

18) бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде ай сайынғы талдау есебін дайындау;

19) аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп – қисап және  кредиторлық қарыздары жөнінде есептер құрастыру;

20) Мекеменің бюджеттік жобаларын әзірлеу және оны аудан әкімдігіне бекітуге ұсыну, өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

21) Мекеменің операциялық жоспарын бекіту;

22) өз құзыреті шегінде Аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау;

23) заңнамалық актілерге сәйкес Аудан әкімдігінің коммуналдық меншігін басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік  мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмыс жүргізу;

24) жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдау (жалға беру), сенімді басқаруға беру;

25) сауда жүргізу, тендер жағдайында аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалға немесе сенімді басқаруға беру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;

26) сенімді басқарушымен аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін сенімді басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

27) аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін сатудан, аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін мүліктік жалдау (жалға беру), сенімді басқаруға беруден аудандық бюджеттің кірісіне түсетін түсімдердің толықтығы және уақытында түсуіне бақылауды жүзеге асыру, қарыздарды өндіріп алу бойынша шаралар қолдану;

28) аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау;

29) активтерді мемлекеттік мекемелердің теңгерімінен теңгеріміне беруді жүзеге асыру, негізгі құрал-жабдықтарды олардың теңгерімдерінен есептен шығару бойынша жұмысты жүргізу, мемлекеттік меншік объектілеріне меншік құқығын растауды жүзеге асыру;

30) аудан әкімдігінің коммуналдық мүлігінің пайдаланылуы және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

31) аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

32) мүлікті қабылдау – тапсыру актілерін бекіту;

33) аудан әкімдігінің коммуналдық меншік объектілерінің сату алдындағы дайындық жұмысын жүргізу, сатып алу – сату, мүліктік жалдау, сенімді басқару шарттарын, өз құзыреті шеңберінде басқа да шарттарды ресімдеу, сондай –ақ  осы шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, жалгерлік ақы құнының мөлшерін есептеу;

34) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы органмен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерді қарау, келісу және бекіту;

35) жергілікті атқарушы органмен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын талдауды және бақылауды жүзеге асыру;

36) мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективті жоспарларын, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді, мерзімділігін және оларды ұсыну тәртібін қарау;

37) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тоқсан сайынғы мониторингін жүргізу;

38) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметініңжоспарларын әзірлеуге бақылауды жүргізу;

39) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы бойынша есептердің жасалуына бақылауды жүргізу,

40) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы есебінің халықаралық стандарттарға көшуі бойынша мониторинг жүргізу;

41) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін, сондай-ақ аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі қазыналық кәсіпорындардың сметадан артық кірісін аудандық бюджеттің кірісіне уақытылы және толық есептелуі мен аударылуына бақылауды жүзеге асыру;

42) мемлекеттік акция пакеттеріне дивиденттердің уақытылы және толық есептелуі мен аударылуына бақылауды жүзеге асыру;

43) мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың және мемлекеттік қатысу үлесімен акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізілімін жүргізу, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы мүліктерді түгендеу және есепке алу; 

44) жекешелендіру облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін аудан әкімдігінің коммуналдық меншігі обьектілірінің тізбесіне енгізілген Аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша облыстық жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімін алу;

45) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіру  бойынша сауда саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;

46) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін бағалауды жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;

47) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін бағалауды жүргізу бойынша конкурстың жеңімпаздарымен шарттар жасау;

48) аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның жекешелендіру үрдісін ұйымдастыру үшін делдалдарды жұмылдыру, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру обьектісін сатып алу-сату шарттарын әзірлеуді және жасауды және сатып алу- сату шарттарының талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;

49) жекешелендіру обьектілерін жеке-сауда саттық бойынша бөлу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімін белгілеу;

50) жекешелендіру обьектісінің әр қайсысы бойынша сауда-саттық нысанын анықтау, заңнамалық актілермен көзделген жағдайлардан басқа;

51) жекешелендіру обьектілерінің бастапқы, мәрелік және ең аз бағасын анықтау және бекіту;

52) кепілдік жарналарды қабылдау және қайтару;

53) ұйымдастырушылармен сауданы ұйымдастыру және өткізуге шарттар жасау;

54) аукциондарды ұйымдастыру және өткізу барысында бақылауды жүзеге асыру;

55) сауда жеңімпаздарымен сатып алу- сату шарттарын жасау және олардың орындалуын бақылау;

56) сауда жүргізу рәсіміне байланысты қатысушылармен, сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру;

57) жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру;

58) ауданның әлеуметтік экономикалық даму болжамын әзірлеу және оны аудан әкімдігіне мақұлдауға ұсыну;

59) ауданның даму бағдарламаларын әзірлеу және оларды аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

60) ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуын талдау,

61) ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы болжамы және бюджеттік параметрлер негізінде жергілікті бюджетке түсімдер көлемін болжау;

62) жергілікті бюджеттік инвестициялық басым жобалар (бағдарламалар) тізбесін әзірлеу;

63) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына аудандық бюджет шығыстарының көлемін қалыптастыру;

64) аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну;

65) Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюджетті орындау жөнінде жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы әкімдіктің қаулысын әзірлеу;

66) олардың қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және аудан құрылысы, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және ветеринария мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шығыстарына аудандық бюджеттен қаржыландырылатынатқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары, бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды жасау, қарау және бағалау.

      Құқықтары мен міндеттері:

1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу;

2) ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттармен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға;

3) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімінің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;

4) аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың жиналыстарына қатысу.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района