Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      Мемлекеттік органның миссиясы: Төлеби ауданында кәсіпкерлік және туризм саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

     Негізгі міндеттері: 1) Төлеби ауданында кәсіпкерлік және туризм саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 2) Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттер.

      Функциялары: Кәсіпкерліктің дамыған инфоқұрылымын қалыптастыруға қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;  аудан кәсіпорындарында шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатын өнімдер шығару үшін озық техника мен технологияны өндіріске енгізу; жеңілдетілген шарттармен кәсіпкерлік субъектілеріне несие бөлу және қаржыландырудың басқа да түрлерін жүзеге асыруға қатысу; кәсіпкерлік субъектілерін ақпаратық мәліметтермен қамтамасыз ету және оған қызмет ету жүйесін қалыптастыру; мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және кәсіпорындармен серіктестік-экономикалық өзара қарым-қатынастарға жағдай жасау; маркетингтік қызметін дамытуды қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру; жеке кәсіпкерлікті, ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладағы бағдарламаларды іске асырудың мониторингін жүргізу; аудан әкіміне орта және шағын кәсіпкерлік бойынша талдау және есеп беріп отыру; кәсіпкерлерге несие алу үшін жәрдем беру; шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субъектілеріне осы заманның технологиясын алуда көмек көрсету, оның ішінде лизингке; өз атынан келісім шартқа тұру, сенімхат беру, мүлікті және мүліктік емес құқыққа ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу, және де заңдарға сәйкес, бөлімге жүктелген басқа іс-әрекеттер жүргізу; аудан әкімінің қарауына бөлім міндетіне қатысты мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізу; бөлім міндетіне кіретін мәселелер бойынша кеңес шақыру; ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіндегі белгіленген жерлерден тыс орнында сауда жасауға байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде ҚР заңнамасына жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырауы; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді; аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізеді; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия обьектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру; балалар және жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді; туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Құқықтары: 1) Бөлімге міндеттелген функцияларды атқару үшін, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрауға және алуға; 2) белгілі құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ұйымдарға тапсырмалар береді; 3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады; 4) бюджет заңдылықтары негізінде бюджет қаражаттарын қайтарады және қаржыландыруды тоқтатады; 5) өз құзырына жататын мәселелер бойынша аудан әкім шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, аудандық мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды; 6) халықтың ой-пікірін білуге әлеуметтік сұрақ-жауаптарды өткізуге, экономикалық реформалардың жүзеге асу барысын зерттеу; 7) азық-түлікпен қамтамасыз етудің қарқынын арттыру жөніндегі аудандық бағдарламалар мен ұсыныстарды дайындап жасау және ауданның өндірістік қуаты мен мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға, өзін-өзі қамтамасыз ету мен артық өнімді өткізуге ықпал жасау; 8) бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін аудан көлемінде орналасқан ведомствалық бағынысына, меншік түріне қарамастан экономикалық және әлеуметтік негізгі көрсеткіштерін және басқа да көрсеткіштерді алу; 9) аудан әкіміне кәсіпкерлік саласын талдап есеп беріп отыру; 10) несие алушыларға уақытша қаржылай көмек алуға көмектесу және уақытша берілген қаржылай көмектің мақсатты жұмсалуын тексеру; 11) кәсіпкерлік саласындағы субъектілерге осы заманның технологиясын алуда көмек көрсету, оның ішінде лизингке; 12) өз атынан келісім-шартқа, шартқа тұру, сенімхат беру, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу және де заңдарға сәйкес бөлімге жүктелген басқа да іс-әрекеттер жүргізу; 13) аудан әкімінің қарауына бөлім міндетіне қатысты сұрақтардың шешуін ұсыныстар енгізу; 14) Бөлім міндетіне кіретін сұрақтар бойынша кеңес шақыру. 15) осы ережемен және заңдылықтармен, облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органның міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района