Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      Мемлекеттік органның миссиясы: дене шынықтыру және спорт дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

      Міндеттері: 1) өзінің қызметін орындау үшін  қажетті  ақпараттарды  мемлекеттік  органдардан  және лауазым  иелерінен, басқа ұйымдар  мен азаматтардан белгіленген  тәртіппен сұратып алады, Бөлім құзырына  қатысты мәселелерді  әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар  әзірлеу үшін  уақытша  жұмысшы топтарын құрады; 2) дене шынықтыру және спортты дамыту саласында мемлекеттік органдардың  қызметін  жетілдіру жөнінде аудан әкіміне  ұсыныстар енгізеді, Бөлімге  қатысты мәселелер бойынша  ақпараттық  талдау  және басқа да материалдар әзірлеуді  жүзеге асырады; 3) Бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік  органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын  қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға  қатысады; 4) аудандық деңгейде дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге  асырады; 5) Бөлім құзырына  кіретін дене шынықтыру және спортты дамытуда азаматтардың  құқықтарын сақтау  және  басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; 6) Бөлім құзырына  кіретін  мәселелер бойынша отырыстар өткізеді; 7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      Функциялары: 1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады; 2) спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi; 3) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi; 4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады; 5) аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi; 6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi; 7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады; 8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; 9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi; 10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi; 11) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады; 12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Құқықтары мен міндеттері: 1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу; 2) ауданның атқарушы органдарынан қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау. 4) аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района