Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Бөлім туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

      Мемлекеттік органның миссиясы: Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жәнемемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үйді инспекциялау болып табылады.

    Міндеттері: 1) жергілікті, өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, жолаушылар көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; коммуналдық тұрғын үйлерді беру және оны жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізеді; 2) обьектілер мен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын қалпына келтірілуін, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандыруын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды; 3)шаруашылық құрылымдық бөлімшелердің, ведомствоға қарасты мемлекетті ккәсіпорындардың қызметін басқаруды жүзеге асырады, белгіленген тәртіпте оларды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар дайындайды. 4)Мекеменің құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 5)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізеді; 6) Мекеменің және ведомствоға қарасты мекемелердің жедел басқаруындағы мемлекеттік мүліктің мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді; 7) экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады; 8) коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар-қызмет берушілер мен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді; 9) коммуналдық шаруашылықта коммуналдық қызмет көрсетудегі кәсіпкерліктің, бәсекенің және өндірісті монополиясыздандырудың әр түрлі меншік нысандарын дамытуға жағдай жасайды; 10) халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге, жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келіседі және тексереді, олар бойынша қорытындылар береді және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізеді; 11) коммуналдық қызмет көрсетумен, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарымен айналысатын барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар үшін өз құзыреті шегінде нұсқау, кеңес беретін және өзге де сипаттағы құжаттар шығарады; 12) коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алуды және бөлуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және аудан әкімдігінің қарауына енгізеді; 13) мемлекеттік мүлікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады; 14) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін азаматтардан белгіленген тәртіппен құжаттар, өздері тұрып жатқан тұрғын алаңды жекешелендіруге өтініштер мен құжаттар қабылдайды; 15) тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардән, ұйымдардан, мекемелерден келіп түскен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер кабылдайды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдайды, тұрғын үй комиссиясының қарауына тиісті ұсыныстар енгізеді; 16) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайыңдайды, тұрғын үй саясаты мәселесі бойынша аудан әкімдігінің құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады; 17) белгіленген тәртіппен: -мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі тұрғын жайларға қоныстану құқығына жалдау шарттарын; - қызметтік тұрғын жайларын алуға жалдау шарттарын; - тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шарттарды ресімдеуді жүзеге асырады, 18) тұрғын үй комиссиясының отырыстарына қатысады, бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады; 19) автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді қолданумен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 20) жолаушыларды және жүкті тұрақты аудандық автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарға қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысады; 21) автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады; 22) әкімдіктің қаулысына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алудың тапсырыс беруші-ұйымдастырушысы болып табылады; 23)әділет органдарында жедел басқару құқығын мемлекеттік тіркеуді, мүлік және жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуді іске асырады; 24) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады; 25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды; 26) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі; 27) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау женіндегі комиссияларға қатысады.

      Функциялары: 1) ауданның тұрғын үйлерін жылыту маусымына дайындау, пәтер иелері кооперативтерімен (бұдан әрі - ПИК) жұмыс, су тасқынына дайындау; 2) Ауданның тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, жылу-электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация бойынша жұмыстарды бақылау, ұйымдастыру және жүргізу; 3) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тексіздерді жерлеу; 4) Ауданның көше-жол желілеріндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 5) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту; 6) сумен жабдықтау, су бұру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 7) аудандық жолаушылар көлігі мен таксидің тұрақты бағыттарына жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; 8) бірыңғай бюджеттік жіктемемен бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; 9) ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу; 10) жергілікті атқарушы органның резерві есебінен шұғыл шығындарға арналған іс-шаралар өткізу; 11) елді мекендерді абаттандыру, елді мекендердің тазалық жағдайын қамтамасыз ету,елді-мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізу, жерлеу орындарын күтіп-ұстау, аудан көшелері мен өзге де елді мекендердегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 12)көлік инфрақұрылымын дамыту, барлық меншік нысандарындағы жолаушыларды тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігінің, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін диспетчерлік қызметпен және аялдау павильондарымен (аялдамалармен) қамтамасыз ету; 13) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. Тексеруді "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу болып табылады.

      Құқықтары мен міндеттері: 1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу; 2) ауданның атқарушы органдарына құжаттармен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдарды жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау. 4) аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың шаралары қатысу.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района