Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Басшылық

Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы

1962 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1980 жылы Қазығұрт ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті лауазымында өткеруге кірген. 1987-1994 жылдары Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы, Ленин ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы болған. 1994-2002 жылдары аралығында салық және қаржы полициясы органдарында қызмет еткен. 2002-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары және Сарыағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың тамызынан – Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі.

 

 

Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы

1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – инженер-механик.

Еңбек жолын 1989 жылы Талдықорған облысы Үштөбе қаласында астық өнімдері комбинатында аға шебер болып бастаған. 1992-2010 жылдары Шымкент май шығару заводында шебер; «Бірлік» өндірістік кооперативінің диірмен меңгерушісі және кооперативтің төрағасы болып жұмыс жасаған. 2010-2012 жылдары Төлеби аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2012 жылдың наурыз айынан – Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары.

 

 

 

 

Бейсебаева Рабиға Ермекбайқызы

1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – экономист.

Еңбек жолын 1983 жылы Ленгір қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірісті есептеу инспекторы болып бастаған. 1983-2010 жылдары Ленгір қалалық қаржы бөлімі бюджет жөніндегі аға экономисті; бөлім меңгерушісінің орынбасары; Ленгір ауданы бойынша мемлекеттік мекемелерге салық салу инспекцияның бас инспекторы, басшының орынбасары; Төлеби ауданы қаржы бөлімі басшысының орынбасары және бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың қарашасынан – Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары.

 

Төлепов Ғалымжан Әнуарұлы

1983 жылдың 24 шілдесінде бұрынғы Шымкент облысы Ленин ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы бойынша – экономист.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы ретінде бастап, 2006-2017 жылдар аралығында Қазығұрт аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы; ОҚО қаржы департаменті денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінің бас маманы; ОҚО қаржы департаменті бюджеттің атқарылуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы; ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және ақпаратттық технологиялар бөлімінің бас маманы, ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, бюджет және мемлекттік сатып алу мониторингі бөлімінің бас маманы, ОҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, бюджет және мемлекттік сатып алу мониторингі бөлімінің меңгерушісі;  2012 жылдың мамыр айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары.

 

 

Қадырбеков Есімхан Жанысұлы

1963 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – провизор, экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын 1983 жылы Бірінші Мамыр совхозының Әлішер Навои бөлімшесінде жұмысшы болып бастаған. 1990-2001 жылдары Төлеби ауданының дәріханаларында провизор-интерн, провизордың орынбасары, «Кадырбеков и К» ПТ директоры болып жұмыс жасаған. 2001-2016 жылдары Ленгір қаласы әкімінің орынбасары, Төлеби ауданы әкімінің көмекшісі, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қараша айынан – Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы.

 

 

 

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района