Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Төлеби ауданы әкімінің аппараты

 

 

Төлеби аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы

Сарыпбекова Зина Абдыханқызы

1968 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – физика информатика және есептеу техникасының мұғалімі.

Еңек жолын 1985 жылы Шымкент қаласында үй құрылысы комбинатында жұмысшы болып бастаған. 1991-1994 жылдары Төлеби ауданы Қасқасу орта мектебі мен Георгиевка арнаулы мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1994-2017 жылдары Төлеби аудандық білім бөлімінде әдіскер, бас маман, Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Төлеби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Төлеби ауданы әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Аққұм ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан – Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.

 

 


Төлеби аудан әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы

Сенгірбаев Олжас Бекдуллаұлы

1987 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» РМҚ кәсіпорнының ақпаратты қорғау саласындағы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру консультанты болып бастаған. 2010-2017 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» РМҚ кәсіпорнының ақпаратты қорғау саласындағы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру және техникалық қорғау департаментінің  арнайы зерттеулер басқармасының сарапшысы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Тергеу департаменті нарық субьектілерінің бәсекелестікке қарсы іс-әрекетін тергеу басқармасының сарапшысы, Целинград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, «Баймұрат-2000» ЖШС директорының орынбасары, Шымкент қаласы  Қаратау ауданы әкімі аппараты халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, «Kazanat invest group» ЖШС директорының орынбасары, Төлеби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болып еңбек еткен.

2017 жылдың маусым айынан – Төлеби ауданы әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы.

 

 


Төлеби ауданы әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы

Салыбеков Нұрлан Есімханұлы

1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – тарих, құқық негіздері және экономика пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын 2005 жылы Төлеби ауданы әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2005-2015 жылдары Төлеби ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің жетекші және бас маманы, Төлеби ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық  және ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімдерінің бас инспекторы, Төлеби ауданы  әкімі аппараты әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімдерінің меңгерушісі, Төлеби ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың маусым айынан – Төлеби ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысы.

 

 


Төлеби ауданы әкімі аппараты әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Нышамбаев Хабидулла Рахматиллаұлы

1970 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – ауылшаруашылығы пәндерінің инженер мұғалімі.

Еңек жолын 1992 жылы Ленгер қалалық ПАТП эксплутациялық бөлімнің диспетчері болып бастаған. 1993-1999 жылдары Төлеби ПАТП жанар-жағар май инженері, Төлеби аудандық №5 мектеп-гимназиясында мұғалім, «Төлеби мұнай өнімдері» АҚ-да цех бастығы-аға оператор болып жұмыс істеген. 1999-2003 жылдары Төлеби ауданы әкімі аппараты аумақты  дамыту және кадр бөлімінің бас маманы, Төлеби ауданы  әкімі аппараты жалпы бөлім бастығы, ОҚО әкімі аппараты шаруашылық басқармасының бас маманы, ОҚО әкімі аппараты қаржылық-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2003-2017 жылдары «Қарабастау» ЖШС директорының орынбасары, «ХОЗУ»  ЖШС директорының орынбасары, «Автошаруашылық» ЖШС директорының орынбасары, ОҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық  бақылау бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы, «ОҚО әкімі аппараты шаруашылық басқармасы» ЖШС-нің директоры, «Kind Estate» ЖШС-нің директоры, Төлеби ауданы әкімі аппараты әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы болып еңбек еткен.

2017 жылдың маусым айынан – Төлеби ауданы әкімі аппараты әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

 

 


Төлеби аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района