Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Төлеби ауданының әкімдігі

Қала, ауылдық округ әкімдері

Төлеби ауданы Леңгір қаласының әкімі

Әділбеков Болат Сүйіндікұлы

 

1976 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – экономист-бухгалтер.

 

Еңек жолын 1998 жылы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында «Фудмастер-Шымкент»  ЖШС-нің   бухгалтері болып бастаған. 2009-2012 жылдары Төлеби ауданы Көксәйек ауылы «Берік» ӨК төрағасы, Төлеби ауданы Көксәйек ауылы «Алтын бастау саясы» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген. 2013-2017 жылдары Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округінің әкімі.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Леңгір қаласының әкімі.

 


Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінің әкімі

Ешімбетов Болысбек Төребекұлы

 

1971 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – инженер-механик.

Еңек жолын 1989 жылы Ленгер ауданындағы «Горный» совхозында жұмысшысы болып бастаған. 1996 жылы «Ырыс» ЖШС директоры болып жұмыс істеген. 1997-2001 жылдары  Шымкент қаласы әкімі аппаратының №1 мөлтек ауданындағы әкім өкілінде бас маман, Шымкент қаласындағы №13, №1, №2, №3 мөлтек аудандарында халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2001-2015 жылдары Төлеби ауданы әкімі аппараты қоғамдық-саяси, жалпы, әкімшілік, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімдерінің бастығы, Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі, Төлеби аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, Ленгер қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

2015 жылдан – Алатау ауылдық округінің әкімі.


Төлеби ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімі

Рахимов Берік Изаделаұлы

 

1985 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – инженер.

Еңек жолын 2009 жылы Төлеби ауданы әкімі аппаратының инспекторы болып бастаған. 2010-2017 жылдары Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бас маманы, Төлеби аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Төлеби аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Төлеби аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімі.

 


Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі

Қосалиев Нұрғали Тезекбайұлы

1961 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын 1978 жылы Ленгер ауданы «Бірінші Мамыр» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1984-2002 жылдары Сарыағаш ауданындағы №39 жылжымалы-механикаландырылған колоннада монтаждаушы, Шымкент қаласы Абай аудандық ішкі істер бөлімінің күзет бөлімшесінде инспектор, Шымкент қорғасын зауытында жұмысшы, Ленгер ауданы «Бірінші Мамыр» совхозында комсомол комитетінің хатшысы, Ленгір аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ленгер аудандық және Ленгер қалалық әкімдігінде аға референт, жастар ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшы, Төлеби «Жеміс Тұт» питомнигінде директор, Шымкент қалалық малдәрігерлік қадағалау басқармасының техник, ОҚО «Қазагропромбанк» филиалында ІІ-санаты маман, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «ЖАН» ЖШС «Қаржанбасмұнай» бөлімшесінің учаска бастығы болып еңбек еткен. 2002-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, аппараты  қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Төлеби ауданы  әкім аппараты  жалпы бөлімінің  бастығы, Төлеби ауданы«Дулат» шаруа қожалығының басшысы болып қызмет атқарған.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі.


Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінің әкімі

Серікбаев Лесбек Әуезханұлы

 

1981 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – салық жөніндегі  қаржыгер, экономист, құрылысшы.

Еңек жолын 2000 жылы ОҚО СЖБ (сәулеттік жобалау бас басқармасы)  Төлеби аудандық шаруашылық есеп бөлімінде техник-сәулетші болып бастаған. 2001-2017 жылдары Ленгер қаласы «Проект  АС»  ЖШС-да техник-сәулетші, Төлеби аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы, Төлеби аудандық  қала құрылысы және  құрылыс бөлімінің бас маманы, Төлеби аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының орынбасары,  бөлім бастығы, ОҚО Энергетика жәнге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, ОҚО Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы, Төлеби ауданы «Ленгер су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары, дирекоры болып қызмет атқарған.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінің әкімі.


Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі

Сиқымбаев Әбдіқадір Ермекұлы

 

 

1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – қаржыгер.

Еңек жолын 2009 жылы Төлеби аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. 2010-2016 жылдары Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарған.

2016 жылдан – Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі.

 


Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі әкімі

Дарибаев Досымжан Құдайбергенұлы

1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің оқытушысы.

Еңбек жолын 2007 жылы ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті ИЧ-167/3 мекемесінің жасақ бастығы болып  бастаған.

2017 жылдан - Кемеқалған ауылдық округінің әкімі.

 

 

 


Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округінің әкімі

Төребеков Полат Әшірбекұлы

 

1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – зооинженер, ветсанитарлық дәрігер.

Еңек жолын 1977 жылы Созақ ауданы  Шолаққорған ауылындағы Калинин совхозында құрылысшы болып бастаған. 1981-1987 жылдары Созақ ауданы «Сызған» совхозында құрылысшы, Алматы қаласы «Конрадский» совхозының бас зоотехнигі болып жұмыс жасаған. 1987-1993 жылдары Ленгер аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, Ленгер аудандық партия комитетінің идеология, ұйымдастыру бөлімдерінің инструкторы, Ленгер аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас зоотехнигі болып еңбек еткен. 1993-2008 жылдары – жеке кәсіпкер, «Жан-су» мекемесі директорының орынбасары, Шымкент калалық ветстанциясының бас мал дәрігері, Шымкент калалық аумақтық басқармасының бастығы болған. 2008-2013 жылдары Төлеби ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімі, Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2013 жылдан – Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округінің әкімі.


Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округінің әкімі

Қабылбеков Айтжан Сарыбайұлы

 

1961 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – техник-механик, инжинер-механик.

Еңек жолын 1981 жылы Ленгер ауданында Казсельхоз техника өндірістік мекемесінің қауіпсіздік инженері болып бастаған. 1985-2006 жылдары Ленгер ауданында жылжымалы механикалық колонаның бас механигі, шебері, Казсельхоз техника өндірістік мекемесінің бөлім басшысы, дүкен меңгерушісі, ОҚО «Тау самалы» оқу орталығы директорының орынбасары, шаңғы базасының меңгерушісі, ОҚО «Темірлан» МКҚК туризм бөлімінің бастығы болып еңбек еткен. 2006-2017 жылдары Сайрам ауданы әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Төлеби ауданы «Өркен» МКҚК кәсіпорынның директоры, «Төлеби су шаруашылығы» МКК директоры, Төлеби ауданы «Жарық Жол» МКК бас инженері болып қызмет атқарған.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округінің әкімі.


Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі

Сахов Заманбек Сайлыбайұлы

 

1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – заңгер.

Еңек жолын 2004 жылы Төлеби ауданында «Біркөлік» санаториялық профилакториясында автокөлік жүргізушісі болып бастаған. 2007-2013 жылдары Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің   бас маманы, Төлеби ауданы әкімінің көмекшісі, Төлеби аудандық  салық басқармасының жетекші маманы болып қызмет атқарған. 2013-2017 жылдары Шымкент қаласында «Құрылыс Сервис-7» және «СК Құрылыс Инжиниринг» ЖШС-лардың директоры болып еңбектенген.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі.


Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінің әкімі

Қамытбеков Талғат Қапашұлы

 

1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – агроном.

Еңек жолын 1984 жылы Ленгер ауданында «Абай» атындағы колхозында аға агроном болып бастаған. 1985-2001 жылдары Ленгер ауданы Абай атындағы колхозында комсомол ұйымының хатшысы, Ленгер ауданы «Путь- Ильича» колхозында аға агроном, к/з бастығының орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, аға экономисті, Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округі әкімшілігі іс-басқарушысы, Ленгер қаласы «Бірлік» ӨК агрономы болып еңбектенген. 2001-2017 жылдары Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, Төлеби ауданы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінде бас маманы, Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінің әкімі.


Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округінің әкімі

Опышев Жеңіс Дәулетұлы

 

 

1966 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – инжинер-механик.

Еңек жолын 1990 жылы Тараз қаласында «Химпром» өндірістік бірлестігінің инженері болып бастаған. 1993-2015 жылдары жеке кәсіпкер болып еңбектенген.

2015 жылың қазан айынан – Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округінің әкімі.

 


Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округінің әкімі

Алтынбеков Бақтыбек Сейітханұлы

 

1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша – мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңек жолын 2008 жылы Төлеби ауданы Тасарық ауылы «Бірлік» ӨК жұмысшы болып бастаған. 2010-2012 жылдары ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша іс тәжірибеден өтті, ОҚО әкімшілігінің «Оңтүстік жолдар» мекемесінде және «Жібек жолы - 2008» ЖШС-де маман, Ленгер қаласы «Бірлік» ЖШС-де жол шебері болып жұмыс жасады. 2014-2017 жылдары Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет еткен.

2017 жылдан – Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округінің әкімі.

 

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района