Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының 2017 жылдың Төлеби ауданында орындалуы туралы анықтама-талдама

Төлеби ауданы                                                                     29.12.2017 ж.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар туралы» №551 қаулысының Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» №986 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан  Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі 2015 жылы 03 тамызында «Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар туралы» №551 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының 2017 жылдың 12 айында 4 отырысы өткізілді. Аталған комиссияның отырыстарына құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып, атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, бірқатар тапсырма беріліп, орындалған.

Аудан әкімдігінің 2015 жылы 03 тамызында «Төлеби ауданында Қазақстан Республикасының орындалуын бақылауға аудан әкімі аппаратының басшысына және аталған қаулының негізінде барлық қала, ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерде басшының орынбасары лауазымынан төмен емес мемлекеттік қызметші бекітілген. Ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдердің ережелеріне «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бойынша жауапты бірінші басшы болып бекітілген.

2017 жылдың 12 айында Төлеби ауданы әкімінің аппараты және дербес бөлімдерге, ауылдық округ әкімі аппараттарына жалпы – 2176 өтініш-арыздар келіп түскен. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 2078, заңды тұлғалардан – 98 өтініш келіп түскен. Өз шешімін тапқандары – 1358, бас тартқаны – 0, түсініктеме берілгені – 730, тоқтатылғаны –5, тиісті мекемелердің қарауына жолданғаны – 11, қаралу үстіндегісі – 69.

2017 жылдың 12 айында- 538 жеке қабылдау жүргізілген, оның - 364 аудан әкімінің және орынбасарлары қабылдауында болған азаматтар, қалған 174-і Леңгір  қаласы мен ауылдық округ әкімдерінің, аудан әкімдігінің бөлім басшыларының жеке қабылдауы.

Барлық мемлекеттік органдарда сенім телефондары және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күндерінің кестесі түзіліп, аудандық газеттерде жарияланған.

Төлеби ауданы әкімі аппаратында сенім телефоны (6-11-42) қызмет етеді.

Аталған телефон нөмірі жергілікті «Леңгір жаршысы» газетінде  жарияланған.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, анықтау мақсатында және уақытылы тиісті шара қолдану үшін аудан әкімімен аптасына бір рет азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалыптастыру бойынша мәселелерді көздеу мақсатында қала ауылдық округінің елді мекендердегі зиялы қауым өкілдерінен «Қоғамдық қабылдау» консультативтік-кеңесші орган құрылып, айына бір рет қоғамдық қабылдау  өткізіп,  арыз-шағымның кемуіне септігін тигізуде.

Жыл сайынғы заң актілерімен белгіленген 31 наурызға дейін, аудан әкімі аппараты  және аудан әкімдігінің бөлімдерімен, Леңгір қаласы және 12 ауылдық округтерінің барлық қызметкерлерімен заңнамаларға сәйкес жеке табысы туралы декларацияларын уақтылы тапсырылуы мен ондағы көрсетілген мәліметтердің толық болуына басты назар аударды.

2017 жылы қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен арнайы тақырыптық 3 кездесулер, 2 дөңгелек стөлдер өткізілді.

Жұмыс жоспарына сәйкес аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен 10 рет құқықтық сабақтар, «Төлеби ауданы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында 6 семинар-кеңес өткізілді.   

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 9 мақала жарияланды.

Аудандық дербес бөлімдер мен қала, ауылдық округ әкімдерінің қызметкерлерінің қатысуларымен 5 семинар-кеңес өткізілді.

Аудан аумағында сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес мәселесі негізінде тұрғындардың көзқарасын зерттеу, талдау, анықтау бағытында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» атты тақырыбында арнайы сауалнамалық жұмыстар жүргізілді.

Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету орындарында азаматтарды көліктегі жедел қабылдауды ұйымдастыру негізінде «Парасыз болашаққа, Бірге!» атты мобильді тобының құрамы бекітіліп, аудан аумағыдағы тұрғындар көп жиналатын орындарға шығып қоғамдық қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Өтініштердің негізсіз көп сатылы қаралуына және созбалаңдыққа салынуына жол бермеу мақсатында аудан әкімінің 2016 жылдың 16 қараша күнгі №22 шешімімен «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасы аясында елді мекендердегі зиялы қауым өкілдерінен «Қоғамдық қабылдау» консультативтік-кеңесші орган құрылып, 10 рет қоғамдық қабылдау  өткізілді.

Аудан аумағындағы жұмыс жасап жатқан «Төлеби туы», «Аймақ тынысы», «Леңгір жаршысы» газеттерінде қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бағытында өткізілген дөңгелек үстел, семинар, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, барлық іс-шаралардың ақпараты жөніндегі мақалалары тұрақты негізде жарияланып келеді. Сонымен қатар, аудан әкімінің ресми сайтында, ішкі саясат, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Қоғамдық келісім» мекемесінің фейсбук әлеуметтік желілерінде арнайы айдарлар ашылып, мәліметтері  мерзімді жариялануда.

Аудан әкімдігінің бөлімдері мен қала, ауылдық округ әкімдері аппаратының тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған жұмыстарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес 4 комиссия отырыстары өткізілді.

2017 жылы  аудан көлемінде мемлекеттік қызметкерлерден (қала, ауылдық округі және дербес бөлімдерінің қызметкерлері) «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен тәртіптік жауапкершілікке - 42 (2016 жылы - 27) тартылған.

Төлеби ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері мен аудан әкімдігінің дербес бөлімдеріне қатысты прокурорлық қадағалау актілері бойынша «Заң бұзушылықтарды жою туралы» туралы 9 ұсыныс келіп түскен наразылық тіркелмеген.

2017 жылы аудан әкімі аппараты тарапынан жалпы 68 сот отырыстарына қатысқан. Сот процестері аудан әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясының шешімдеріне және аудан, қала ауылдық округ әкімдерінің жер мәселесіне қатысты қаулылары мен шешімдеріне қатысты.

Ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері мен аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің  2017 жылға 5 нормативтік құқықтық акт тіркелген.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында (tolebi-akimat.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылған.

Осы атқарылған іс-шаралар, жүргізілген түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына шығып жатқан материалдарға қарамастан аудан көлемінде 2017 жылы  6 сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған.

Атап айтқанда:

1. Леңгер қаласының әкімі С.Байымбетов және Төлеби аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ә.Тұрғын үстінен сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалып, 20.06.2017 жылғы Төлеби аудандық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, С.Байымбетовке 7 млн теңге айыппұл салынды.

2. Төлеби аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ә.Тұрғын аталған соттың үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

3. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Б.Серікбай 2017 жылдың 13 шілдесі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен жұмыс орнында пара алу үстінде ұсталып, қазіргі таңда іс сотта қаралуда.

4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабына сәйкес, тиісті уәкілетті құзырлы органмен қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуіне орай, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Е.Сатылдиев 2017 жылдың 20 маусымынан бастап лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді (Аудан әкімінің 20.06.2017 жылғы №65 өкімі, негізі Төлеби аудандық сотының судьясы Н.Жорабековтың 2017 жылғы 19 маусымдағы №5158-17-5-21/3717 хаты және аудандық тергеу судьясының 2017 жылғы 14 маусымдағы №38 қаулысы).

5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры М.Қарақұлов Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 2017 жылдың 15 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен жұмыс орнында пара алу үстінде ұсталып, қазіргі таңда іс сотта қаралуда.

6. Аудандық білім бөлімінің бас маманы  Асанов Пернебай  сыбайлас жемқорлық фактісімен сотты болған азаматты мектеп дирокторы қызметіне жұмысқа қабылдағандықтан, аудан прокурорының ұсынысымен 2017 жылдың 9 қаңтарында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61 бабы 1 бабының 11 тармақшасы негізінде жұмыстан босатылды.

Орын алған жағдайлар әр сала бойынша жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларының тиісті бөлімдердің жұмысын қадағаламағандығын, бөлім басшылары мен қызметкерлеріне бақылау жасамағандығын, аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері мерзімінде тиісті мониториг жұмыстарын жүргізбегендігін көрсетеді.

Кемшіліктер бойынша:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, мемлекеттік органдар тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуі қажет болатын.

Алайда, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қала ауылдық округ әкімдері тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілмеген.

Көрсетілген кемшіліктер мекеме басшылары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған жұмысқа немқұрайлы қарайтынын көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын-алу және оған қарсы жұмыстар жүргізу үшін кешенді іс-қимыл жоспары арқылы толығымен бақылау жүргізіліп, атқарылатын жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района