Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района

Аудандық туристік-өлкетану байқауы өткізілді

Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана педагогикалық шындықты әр кез бірінші орынға қоятын ауданымыздың білім ошақтарының арасында «Қазақстан – менің елім» туристік-өлкетану аудандық байқауы өткізілді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша туған өлкенің тарихын терең зерттеп, тарихи деректер жинау іскерлігін дамыту, туристік-өлкетану жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, жаңашыл әдістерді іздестіру мақсатында өткізілген байқауды Төлеби аудандық білім бөлімі мен аудандық «Жас туристер станциясы» бірлесіп ұйымдастырды.

Байқауға жалпы, негізгі білім беру мектептеріндегі білім алатын 8-9 сыныптың  14-15 жас аралығындағы 211 оқушы қатысты.

Қатысушы өзі қалаған бір бағыт бойынша, яғни секция бағыттары аясында алдын-ала зерттеу жұмысын дайындап, оны қорғап шығуға тиіс болатын. Зерттеулердің тақырыптары  «Тарих тереңінде», «Туған жердің экономикасы», «Сөнбес жұлдыздар», «Табиғат және экология», «Халықтың салт-дәстүрі және өнері», «Туризм және спорт, денсаулық» аясында өрбіді. Сондай-ақ, байқау шеңберінде «Атамекен – келбеті келісті ғажап өлкем!» тақырыбында шығармашылық жұмыстар конкурсы өткізілді. Бұл конкурста туған ауылдың ең әдемі көрінісі түсірілген 96 фото-суреттің арасынан ең үздігі таңдалды. Жалпы алғанда оқушылардың өлкетану бойынша ізденістері көңіл қуантты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімаздар мен олардың жетекшілері аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің  баспасөз қызметі

 

 

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района