Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района

Аудан оқушылары Республикалық ғылыми жоба жарысында жүлделі орынды иеленді

Төлеби ауданы оқушыларының ғылыми  ізденушілікке  деген  қызығушылығын арттыру,  шығармашылық  қаблетін  ашу,  дамыту,  ғылыми  зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру бағытында жұмыстар жолға қойылған. Бұлай дейтініміз, «Зерде»  зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық кезеңіндегі жарысында  Төлеби  ауданының  дарынды  оқушылары  алдыңғы  шектен  көрініп  11 оқушы  жүлделі  орынды, 8 оқушы  номинацияларды  иеленген еді.

Осы облыстық  жарыста  жүлделі  І орынды  иеленген  2  оқушы  2018  жылдың  қаңтар  айының  23-25 аралығында Щуче қаласында өткен Республикалық ғылыми жоба жарысына  қатысты. Нәтижесінде №1 мектеп-гимназияның 3 сынып оқушысы Оразбекова Айгерім (мұғалімі Өтелбаева  Гүлжахан), №5 мектеп-гимназияның  5 сынып  оқушысы Сыздықов Райымбек (мұғалімі  Кургузова  Валентина)  Республикада  жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Айта кетейік, 2016-2017  оқу жылында ауданда  67  мектепте  24327 оқушы  білім  алды. Оқушылардың  білім сапасына  тоқсан  сайын  талданып, мониторинг  жасалады. Қорытындысы  бойынша  негізгі  пәндерден  білім сапасы - 54,9%-ды көрсетіп,  өткен  оқу  жылымен  салыстырғанда  2,1 %-ға  көтерілді. Оның ішінде мектеп  бітірушілердің   білім  сапасы 58,5% болды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района