Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района

История Толебийского района

      Төлеби ауданы – Тәңір шарапатымен құт қонған, қыдыр дарыған, еліміздің қасиетті бір өлкесі.

      Аудан – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс.

      Аудан 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгір ауданы болып аталған) негізінен сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, астық, көкөніс, жеміс жидек өсіруге мамандалған. Құрамында 55 елді мекен 1 қала 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Леңгір қаласы (1945 жылы негізі қаланған).

      Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері – Сайрам шыңы (4238м). Шығысында Талас Алатауы, Майдантал жотасы, оңтүстік-шығысында Өгем, Қаржантау (2500м), оңтүстік-батысы Қазығұрт (1768м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Солтүстігі мен батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке қолайлы суармалы жерлер, жайылымдар бар. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі.

      Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы – 3 – 9с, шілде айында +24+26с. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 45 мм, шығысында 650 мм. Тауларда қоңыр, сұр, жазықта саздақты топырақ таралған. Дала өңірінде астық тұқымдас шөптер, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, т.б. тау бөктерінде жеміс ағаштары өседі. Аудан аумағында: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, т.б., құстардан – бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам, өзендері ағып өтеді.

      Аудан аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі жазық, жота, қыраттардан биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процесстерінің әлі аяқталмағанын көрсетеді. Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Аудан территориясы көршілес Қырғыстан, Өзбекстан мемлекеттерімен, сондай-ақ облысымыздың Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас аудандарымен  және Шымкент қаласымен шекаралас жатыр. Ауданымыздың жер асты қойнауы әр түрлі қазбаларға бай. Көп жылғы геологиялық зерттеулер нәтижесінде аудан аумағынан мезозойлық қоңыр көмір, темір, барит, флюорит, тау хрусталі, қорғасын, цинк, мыс, вольфрам, уран, өзге де сирек кездесетін металлдар, түрлі құрылыс шикізаттары, т.б. қазба байлықтары табылған.

      Төлеби жері – ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата мұраларымызға өте бай өлке. Аудан аумағында 100-ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштер бар. Онда Сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары, қарауыл төбелер, обалар, сондай-ақ халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақмешіт», «Мыңшейіт» секілді көпшілік мінажат ететін әулиелі жерлер көптеп кездеседі. Жер жәннаты Ақсу-Жабағылы қорығы аймағының басым бөлігі біздің ауданымзыдың бөктерінде орналасқан.

      Ауданның су қорлары негізін өзендер мен көлдер құрайды. Маңызды да ірі өзендер қатарына Бадам жатады (ұзындығы 145 км, су жиналған алабы 4380 км2.  Өзен Қаржантау жотасының солтүстік-шығыс беткейінен басталып, орта ағысында Шымкент қаласының оңтүстік-батысынан өтеді.

      Облыста түсті металлургия өндірісінің дамуы, мұндағы өнеркәсіптің, басқа да салалардың одан әрі өркендету үшін ең алдымен отын базасын дұрыс ұйымдастыруды қажет етті. Отынмен дұрыс жабдықталмайынша, өндірісті өз дәрежесінде өркендету, әрине мүмкін емес еді. Сондықтан отынды керек ететін кәсіпорындарға ең жақын тұрған Леңгір көмір кенін игеруге ерекше мән берілді. Осындай аса қажеттілігіне сәйкес көмір өндіруде, Леңгірде соғысқа дейінгі бесжылдықтарда аса үлкен істер атқарылып, өндірілетін көмір көлемі  15 есеге дейін артты. Кейінгі жылдары ауданымызда ауылшаруашылық саласынан басқа көптеген өндіріс орындары, кәсіпорындар, фабрикалар т.б ашылып аудан экономикасын арттыруға орасан зор үлес қосты.

      Төлеби ауданының басым бөлігін бұл күндері жергілікті ұлт – қазақтар құрайды. Бұл шырайлы мекенге 1890 жылдардан бастап Украинадан, Сібірден, Ресейдің кейбір аймақтарынан орыс шаруалары келіп қоныстана бастайды. Орыс шаруалары Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Біркөлік сияқты тау өзендері жағасындағы ең шұрайлы, сулы жерлердегі қазақтарды атамекендерінен зорлықпен ығыстырады.

      Леңгір адамзат өрбіп тараған қасиетті Қазығұрт пен құз-шыңдары аспанмен таласқан, асқақ Алатау етегіндегі киелі мекен.

      Леңгір кешегі Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи жер. Сонау жоңғар шапқыншылығы кезеңінде мұнда бүкіл қазақ қолы тоғысқан. Бұл жерде сонау Майқы би бабамыздан бастап, Әль-Фараби, Асан қайғы, Төле би сынды данышпан, ғұламалар мен билер мекен еткен. Леңгір Алла шарапатына ілінген қала, суы бал, ауасы таза, жері шүйгін.

      Аудан орталығы болып саналатын қала Шымкент қаласының шығысында 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс орталығымен темір жол, автокөлік қатынас жолдары болып байланыстырады.

      Леңгір алғаш кеншілер поселкасы болды. 1936 жылы Георгиев ауданына қарасты Леңгір поселкелік Советі құрылды. Ол кезде аудан орталығы Георгиев (қазіргі Көкәйек) ауылы болды.

      Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 1-ші қазандағы Жарлығымен Леңгір қаласы (Леңгір қаласы Георгиевка ауданы болып аталды) облыстық бағыныстағы қала болып саналады. 1967 жылдан бері аудан орталығы, 1996 жылдан ауданға бағынысты қала.

      Қаланың географиялық орналасу жағдайы ежелден-ақ әлуметтік-сауда қарым қатынасын дамытуға аса қолайлы орын болған. Оның көне заманғы ірі саяси әкімшілік, сауда орталығы Сайрам (Исфиджаб) қаласымен іргелес орналасуы, Ұлы Жібек Жолы бойында болуы қоныс-бекініс орны болғанын дәлелдейді.

      Қаланың оңтүстігіндегі Бадам өзені жағасындағы алып Қарауылтөбемен, көне Сұлтан рабат елді мекенімен іргелес болуы оның тек сауда орталығы ғана емес, әскери стратегиялық маңызы бар қала болғанын, сондай-ақ киелі Қазығұрттың көптеген мінажат орындарымен іргелес болуы да қала тарихының сан қилы болғандығын дәлелдейді.

      Көне көздердің айтуы бойынша XVIII ғасырдың басында бұрынғы керамикалық  зауыт пен қазіргі №6 орта мектептің аумағына көрші ауылдардың адамдары қатынаса бастайды. Керамикалық зауыт маңын «Іліңгірсай» деп атаса, орта мектеп маңын Қараөзек деп атаған. Екі атаудың да қаланың көне тарихына, қала атауы мен көмір кеніне қатысты екені аңғарылады.

      Батыс елдерін аралаған Қытай және өзге елдер саяхатшыларының жазбаларында да «Лангер» атауы жиі кездеседі. Жол бойларында балшықтан салынған үйлер «Ланғар» деп аталады, бұл үйлер жолаушылардың демалуына, шыжыған ыстық пен қақаған суықта немесе жауын-шашында паналауына арнап салынған. Әр 20 метр (Қытайдың дәстүрлік ұзындық өлщемі 1 м шамамен 0,5 км-ге тең) сайын ағаш белгі қойылған жерге балшықтан осындай үй салынады екен. Лаңғардың тағы бір атауы «Лабаэр» мұнда арып-ашқан, шөлдеген жолаушыларға азық-түлік даярлап қояды деп көрсетілген.

      «Лангар» парсы тілінде якорь, зәкір деген мағынаны береді және пақырларға (мүсәпірлерге)тамақ үлестіретін жер деген де ұғымды білдіреді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Толебийского района